Инструкция стиральная машина БИРЮСА WM-SM510/10 M

Страница 40 (стр. 40 из 49)

Бренд: Wm-Sm510/10

Страница 40 документа Стиральная машина БИРЮСА WM-SM510/10 M. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Wm-Sm510/10.

Текст страницы

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

Машинаны тазарту немесе қызмет көрсетуді бастаудың алдында машинаның қуат
баусымын розеткадан суыру және суды беру шүмегін жабу қажет.

ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!

• Машинаны және оның құрамдас бөліктерін қолдану үшін өткір заттарды және
металл қылшақтарды, сондай-ақ қажағыштары мен еріткіштері бар құралдарды
қолдануға!
• Машинаны су ағынының астында жууға.

Машинаның бетін қажет болса сұйылтылған қажағыш емес бейтарап тазартқыш
құралдардың көмегімен тазарту керек. Су асып төгілсе оны дереу дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.

ҚАЗАҚША

Егер пайдалану барысында судың температурасы нөлден төмендесе және машина «қатып
қалса», мыналарды орындау қажет:
- машинаны электр қуатынан ажыратыңыз;
- құю құбыршегінің қосылысын босату үшін суды беру шүмегін жылы сумен жуыңыз;
- құю құбыршегін ажыратыңыз және оны жылы суға салыңыз;
- барабанға жылы су құйыңыз және кем дегенде 10 минут күтіңіз;
- құю құбыршегін жалғаңыз және суды ағызу және берудің қалыпты жұмысына көз
жеткізіңіз.
Машинаны пайдалануды жаңартудың алдында үй-жайдағы температура 0 ºС-ден жоғары
екендігіне көз жеткізіңіз. Егер машина жиі қатып қалатын үй-жайға орнатылса, әрбір кір
жуудан кейін құю және ағызу құбыршектерінен судың қалдықтарын мұқият ағызыңыз.

Құю құбыршегінен судың қалдықтарын ағызу үшін мыналарды орындау қажет:
- суды беру шүмегін жабыңыз;
- құю құбыршегін шүмектен ажыратыңыз және оның ұшын суды жинауға арналған
сыйымдыққа батырыңыз;
- «Ағызу» және «Сығу» режимінен басқа кез келген жұмыс режимін іске қосыңыз;
- шамамен 40 секундтан кейін құбыршектен су аға бастайды. Суды ағызудың аяқталғанын
күту қажет;
- құбыршекті шүмекке жалғаңыз;
- қалған суды ағызыңыз.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

Күйіктерді болдырмау үшін бұл операцияларды тек машинадағы ыстық су суығаннан
кейін жүргізу керек.

Машинаның
барабанын
тазарту

Кір жуудан кейін қалған барабанның ішкі бетіндегі тот және басқа ластанулар хлор
қосылыстары жоқ тазартқыш құралдармен дереу жойылуы тиіс.
Әрбір кір жуғаннан кейін есіктің әйнегін және машина барабанының тығыздауышын тазарту
және құрғатып сүрту қажет. Кір жуғаннан кейін тығыздауышта қалған батпақ және бөтен
заттар судың жылыстауының себебі болуы мүмкін.

Құю
сүзгілерін
тазарту

Егер суды беру шүмегі толықтай ашық болса, бірақ су жеткіліксіз мөлшерде келсе, келесі
тәсілмен құю сүзгілерін тазалау қажет:
- суды беру шүмегін жабыңыз;
- құю құбыршегін шүмектен ажыратыңыз;
- су ағыны астында құю құбыршегінің сүзгісін жуыңыз;
- құю құбыршегін машинадан ажыратыңыз;
- тістеуіктермен машинаның құю сүзгісін алып шығарыңыз;
- сүзгіні су ағынының астында жуыңыз, содан кейін сүзгіні орнына орнатыңыз;
- құю құбыршегін жалғаңыз және судың жылыстамайтынына көз жеткізіңіз.

39

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.