Текст страницы
Кепілдік картасы
Құрметті сатып алушы!
Сізге «Бирюса» сауда маркасының бұйымын таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
ҚАЗАҚША
Кепілдік шарттары
Дайындаушы зауыттың кепілдік міндеттемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы
негізінде әзірленген.
«Бирюса» тұрмыстық автоматты кір жуғыш және кір жуғыш-құрғатқыш машиналарына 2 жыл
кепілдік мерзімі орнатылған.
Кепілдік мерзімі ішінде аспаптың ақаулығы анықталса, дайындаушы (сатушы) «Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген тұтынушының талаптарын
қанағаттандыруға міндетті.
Түсініспеушілікті болдырмау үшін, Сізден бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері мен шарттарын,
кепілдік міндеттемелерінің шарттарын мұқият зерделеуіңізді.
Кепілдікті қызмет көрсету мерзімі аспапты сатқан күннен бастап есептеледі. Егер сату күнін белгілеу
мүмкін болмаса, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
кепілдік мерзімі бұйым шығарылған күннен бастап есептеледі. Кепілдікті жөндеу кезінде бұйымды сатып
алу күнін растау үшін немесе «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен
көзделген басқа талаптарды қойған кезде, Сізден ілеспе құжаттарды (чек, квитанция, электрондық чек,
сатып алу күні мен орнын растайтын басқа құжаттар) сақтауыңызды өтініп сұраймыз. Бұйымның сапасы
бойынша кез келген наразылықтар «Бирюса» авторизацияланған сервис орталығының өкілі бұйым
сапасын алдын ала тексергеннен кейін ғана қарастырылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты сатып алған кезде сатушымен бірге пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта көрсетілген жұмысқа қабілеттілігін, жиынтықтылығын, механикалық зақымдардың
жоқтығын тексеріңіз. Дайындаушы-зауыт олар тұтынушыға тапсырғаннан кейін туындаған
жағдайда аспаптың механикалық зақымдары мен толымсыздығы үшін жауапты болмайды.
Аспапты жөндеу пайдалану орнында немесе кепілдікті шеберханада жүргізіледі. Аспапты жөндеу үшін
кепілдікті шеберханаға жеткізу, ауыстыру және оны тұтынушыға қайтару жасалған шарттың негізінде
сатушының (дайындаушының) немесе сатушының (дайындаушының) функцияларын орындайтын
ұйымның күшімен және есебінен жүргізіледі.
Кепілді жөндеуге арналған №1, №2, №3, №4 талондарды механик кепілді мерзім кезеңінде тораптар мен
бөлшектерді ауыстыра отырып жөндеуді орындағаннан кейін, сондай-ақ кепілді мерзім кезеңінде тораптар
мен бөлшектерді алмастырмай аспапты реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды
жүргізу кезінде алып қояды.
Кепілдікті шеберханадағы механик талондарды алып қойған кезде талон түбіртегіндегі деректерді
жазып алуды талап етіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Корпустың ішінде немесе артқы қабырғасында орналасқан (өнім түріне
байланысты) бұйым туралы толық ақпаратты (моделі, сериялық нөмірі, шығарылған күні, штрих
коды) қамтитын зауыттық сәйкестендіруші жапсырмаларды өнімнен алып тастауға тыйым
салынады. Бұл ақпарат құрылғының қызмет ету мерзімі ішінде техникалық қызмет көрсету
және жөндеу үшін маңызды. Зауыттық сәйкестендіру жапсырмасының болмауы құрылғыны
сәйкестендіруді және соның салдарынан оған кепілдік беруді мүмкін етпейді.
КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА КӨРСЕТІЛМЕЙДІ:
тұтынушы тасымалдау, сақтау, орнату, күтім жасау, пайдалану нұсқаулығында көзделген қауіпсіздік
және пайдалану талаптарын сақтамаса;
дайындаушы кәсіпорын кепілдікті қызмет көрсетуге уәкілеттілік бермеген тұлғалар жөндеу жүргізсе;
оқыс жағдайдың немесе еңсерілмейтін күш әсерінен (өрт, дүлей апат және т.б.) болған жарамсыздықтар
кезінде;
тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштердің әсерінен, өзге де бөгде факторлардың әсерінен, сондай-ақ
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылған техникалық талаптардың елеулі бұзылуынан, оның ішінде
электр желісі параметрлерінің тұрақсыздығынан туындаған қалыпты жұмыстың зақымдануы немесе
бұзылуы кезінде.
Авторизацияланған сервис орталықтарының телефондары мен мекенжайлары туралы
ақпаратты www.biryusa.ru сайтымызда немесе QR-кодты сканерлеп таба аласыз.
Егер сізде «Бирюса» өнімдерінің сапасына немесе сервистік қызмет көрсетуіне
байланысты сұрақтарыңыз болса, сіз сервистік қызмет көрсету бөліміне 8 800 250 0014
(РФ кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін) телефоны бойынша хабарласа аласыз, жұмыс
тәртібі - дс-жм 04:00-13:00 (MSK) немесе service@biryusa.ru электрондық поштасына
өтініш жасай аласыз.
46