Текст страницы
Бұл құрылғыны сымсыз зарядтағыш ретінде пайдаланып жатсаңыз, оның толыққанды
құрылғы ретінде пайдалануға арналғанын және оны мұндай мақсатта өзіңізбен бірге алып
жүрмеу керектігін ескеріңіз. Сымсыз зарядтау режимінде пайдаланған кезде, радиожиілік
сәулеленуінің әсер ету талаптарын ұстану үшін құрылғыны адамдардан кемінде 20 см
қашықтықта орналастырыңыз
Назар аударыңыз
Бұл пайдаланушы нұсқаулығын Xiaomi компаниясы немесе оның жергілікті еншілес
компаниясы жариялады. Ағымдағы ақпараттың қателіктерінен, дәлсіздіктерінен
немесе бағдарламалардың және/немесе жабдықтардың жетілдірілуінен туындауы
мүмкін қателерді дұрыстау мақсатында Xiaomi компаниясы кез келген уақытта
және алдын ала ескертусіз осы пайдаланушы нұсқаулығына жетілдірулер мен
өзгертулер енгізе алады. Дегенмен, бұл өзгерістер пайдаланушы нұсқаулығының
жаңа онлайн нұсқаларына енгізіледі (толығырақ www.mi.com/global/service/
userguide сайтында көре аласыз). Барлық кескіндер тек мысал үшін ұсынылған
және нақты құрылғыны дәл бейнелемеуі мүмкін.
Пайдалану мақсаты: Android операциялық жүйесі және сенсорлық экраны бар
мобильді құрылғы, аудиовизуалды мазмұнды ойнатуға, қолданбаларды іске қосуға
және басқа да тапсырмаларға арналған.
Қуат: шығыс қуаты параметріндегі айнымалы тоқта жұмыс істейтін қуат беру
адаптерінен: номиналды кернеу: 11 В 4.1 А, аккумуляторлы батареядан: 8850
мА*сағ (əдепкі), 8650 мА*сағ (минималды).
Шығарған ел: Қытай
Монтаж жасау ережелері мен шарттары: құрылғы монтажы осы құрылғымен
бірге жүретін қысқаша пайдаланушы нұқсаулығына сəйкес жүргізіледі.
Сақтау ережелері жəне шарттары: құрылғы жабық бөлмеде, зауыттық
қаптамада, минус 20 С градустан плюс 45 С градусқа дейінгі температурадағы
жəне салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан төмен ортада сақталуы тиіс. Сақтау
мерзімі 3 жыл. Қаттау биіктігі 10 данадан аспауы тиіс.
Тасымалдау ережелері жəне шарттары (тасу): құрылғыны зауыттық қаптамада
кез келген көлік түрімен жəне кез келген қашықтыққа тасымалдауға немесе тасуға
болады.
Сату ережелері жəне шарттары: шектеусіз.
Кəдеге жарату ережелері жəне шарттары: құрылғының қызмет көрсету мерзімі
аяқталғанда, құрылғыны кəдеге жарату үшін ресми дилерге хабарласыңыз.
Электр желісіне жəне басқа да жүргізу, реттеу жəне пайдалануға беру
бойынша техникалық құралдарға қосу ережелері жəне шарттары: осы
құрылғымен бірге жүретін қысқаша пайдаланушы нұсқаулығына сəйкес
орындалады.
Тұрғын, коммерциялық жəне өнеркəсіптік аумақтарда мақсаты бойынша
пайдалануға негізделген пайдалану шектеулері туралы ақпарат: құрылғы
қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардың əсерінен тыс тұрғын, коммерциялық
жəне өндірістік аймақтарда пайдалануға арналған.
Құрылғы техникалық қызмет көрсету персоналының тұрақты түрде қатысуынсыз
тəулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге арналған.
Құрылғы ақауы пайда болғандағы шаралар туралы ақпарат: құрылғы ақауы
анықталған жағдайда: 1) құрылғыны өшіріңіз 2) құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз 3) кеңес алу немесе құрылғыны жөндеу қызмет орталығына немесе
уәкілетті дилерге хабарласыңыз. Құрылғының өндірілген күні қорапта ЖЖ/АА
форматында көрсетілген (ЖЖ-жыл,АА-ай). Шығарылған елі – Қытай.