Текст страницы
Электр қосылымы KZ Сыртқы блокты орнату
ҚАТЕРЛІ!
Осы ережелерді сақтамау өлімге жəне ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
• КЕЗ-КЕЛГЕН ЭЛЕКТР ЖҰМЫСТАРЫН ЖАСАМАС БҰРЫН, КОНДИЦИОНЕРДІ ҚУАТ КӨЗІНЕН АЖЫРАТҚЫШПЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ.
• КУШ ЖЕЛІСІН ҚОСПАС БҰРЫН АЛДЫМЕН ЖҮЙЕНІ ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕРЕК.
Электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі талаптар
• Электр монтаждау жұмыстарын осындай жұмыстарды жүргізуге уəкілетті білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
• Сым ұстағыштар блогындағы бір қосылымға үштен артық сым қосылмауы керек. Клеммаларға қосылатын сымдардың ұштарында қысқыш
ұластырғыш ілмектер жасалуы керек. Сым оқшауланған кабель қысқышымен бекітілуі керек.
• Тек мыс сымдарды пайдалану керек.
Желілік жəне блокаралық кабельдердің қимасын таңдау
Жердің ағып кетуінен қорғау
Тізбекті үзгіштің ток нормативі
Параметр
Фазалар
саны
Тоқтың кемуі,
мА
Ажыратқыш
(бас ажыратқыш),
А
Желілік
кабельдің
минималды
қимасы,
мм2
Автоматты
ажыратқыш,
А
Ток жүктемесінен
қорғайтын автоматты
ажыратқыш,
А
Блок моделі
1U20SHP1FRA 1U25SHP1FRA
1
20
15
1
20
30
1U35SHP1FRA 1U50SHP1FRA
1
20
15
1.5
20
30
1U70SHP1FRA
1
25
20
2.5
25
30
• Зақымдалған жағдайда кабельді сол типтегі кабельмен ауыстыру керек. Ауыстыруды жабдық өндіруші, уəкілетті сервистік орталықтың өкілі
немесе уəкілетті білікті маман жүзеге асыруы керек.
• Кондиционерді электрмен қосу электр монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі қолданыстағы өңірлік нормалар мен ережелерге сəйкес
орындалуы тиіс.
• Жанған жағдайда блоктың басқару тақтасындағы сақтандырғышты Т25А / 250В типті сақтандырғышпен ауыстыру керек.
• Барлық полюстерді ажырататын жарылысқа төзімді автоматты ажыратқышты кондиционерді электр қуат көзі үшін тізбекті үзгіш ретінде
пайдалану керек. Ажыратылған кезде түйіспелер арасындағы қашықтық кем дегенде 3 мм болуы керек. Ажыратқыш стационарлық сымдарға
орнатылуы керек.
• Сыртқы жəне ішкі блоктардың ұстағыш қысқыштарының панельдері арасындағы қашықтық 5 метрден аспауы тиіс. Егер қашықтық 5 метрден
асса, кабельдің қимасы қолданыстағы нормаларға сəйкес ұлғайтылуы керек.
• Күштік электрлік тізбегінде жарылысқа төзімді ажыратқышты қамтамасыз ету қажет.
Қосылу тəртібі
1) Бүйірінде орналасқан бекіту бұрандаларын алыңыз. Содан кейін алдыңғы қызмет көрсету тақтасын бөлшектеңіз.
2) Сымдар схемасына сəйкес кабель тармақтарын ұстағыштарға қосыңыз. Сымдарды ұстағыштардың жанындағы кабель қысқышымен бекітіңіз.
3) Кабельдің ұшын құрылғының бүйірлік панелінде орналасқан кабельді енгізу тесігі арқылы ұстағыш панеліне жеткізу керек.
Назар аудару!
Кабельді қосу көрсетілген электр схемасына сəйкес жүзеге асырылуы керек. Бұл талапты сақтамау жабдықтың істен шығуына əкелуі мүмкін.
1U20SHP1FRA 1U25SHP1FRA 1U35SHP1FRA 1U50SHP1FRA
1U70SHP1FRA
12K-18K:
4G1.5mm2
24K:
4G2.5мм
2
07K-09K:
4G1.0mm2
Сыртқы блок
Ішкі блок
Ішкі блок
Сыртқы блок
моделі
1U70SHP1FRA
1U35SHP1FRA
1U50SHP1FRA
1U20SHP1FRA
1U25SHP1FRA
Блок аралық кабель
4G1.0 мм²
4G1.5 мм²
4G2.5 мм²
Қуатты кабель
3G1.0 мм²
3G1.5 мм²
3G2.5 мм²
40