Инструкция кондиционер настенный сплит-система Haier Quantum AS70HQJ1HRA-W/1U70HQJ1FRA

KZ Жұмыс режимдері (стр. 50 из 88)

Бренд: Haier

Страница 50 документа Кондиционер настенный сплит-система Haier Quantum AS70HQJ1HRA-W/1U70HQJ1FRA. Раздел: Кондиционеры (сплит-системы). Бренд: Haier.

Текст страницы

KZ Жұмыс режимдері

Таймер бағдарламасы бойынша жұмыс

Қосу/өшіру таймерінің көмегімен сіз таңертең оянғанда немесе кешке жұмыстан келгенде кондиционерді автомат-
ты түрде қосуға болады. Сондай-ақ, кондиционерді белгіленген уақытта автоматты түрде өшіруге болады.

Таймер режимін жəне қосу (ON) /өшіру (OFF) уақытын орнату

Қашықтан басқару құралын пайдаланып, кондиционерді қосыңыз жəне қажетті жұмыс режимін таңдаңыз. Ағымдағы
жұмыс режимі қашықтан басқару пультінің дисплейіндегі белгіше арқылы көрсетіледі.

Кондиционерді қосу немесе өшіру үшін таймер режимін таңдаңыз

Таймерді қосу жəне жұмыс уақытын орнату үшін ТАЙМЕР ВКЛ түймесін басыңыз. ТАЙМЕР ВКЛ түймесін басқан
кезде қашықтан басқару пультінің дисплейінде жыпылықтайтын «ON» белгішесі пайда болады.

ТАЙМЕР ВКЛ бағдарламасының ұзақтығын орнату: ТАЙМЕР ВКЛ түймесін əрбір келесі басу орнатылған уақытты
30 минутқа (0,5 сағат) арттырады. Дисплейде орнатылған уақыттың мəні көрсетіледі. Кондиционердің жұмыс істеуі
үшін қажетті уақытты таңдағаннан кейін ПОДТВ/ОТМЕНА түймесін басу арқылы таңдауды растаңыз. Дисплейдегі
ON белгішесі жыпылықтауын тоқтатады.

Содан кейін кондиционерді өшіру уақытын орнатуға болады. ТАЙМЕР ВЫКЛ түймесін басыңыз, қашықтан басқару
пультінің дисплейінде OFF белгішесі жыпылықтайды. ТАЙМЕР ВЫКЛ түймесін əрбір келесі басу орнатылған
уақытты 30 минутқа (0,5 сағат) арттырады. Дисплейде орнатылған уақыттың мəні көрсетіледі. Кондиционерді өшіру
уақытын таңдағаннан кейін, ПОДТВ/ОТМЕНА түймесін басу арқылы таңдауды растаңыз. Дисплейдегі OFF белгіше-
сі жыпылықтауды тоқтатады.

Егер дисплейде ON → OFF көрсетілсе, бұл кондиционердің сіз бұрын орнатқан уақыттан кейін өшетінін білдіреді.
Егер дисплейде ON ← OFF көрсетілсе, бұл кондиционердің сіз бұрын орнатқан уақыттан кейін қосылатынын
білдіреді.

Орнатылған уақыт таймер бағдарламасына сəйкес кондиционерді қосу жəне өшірудің орнатылған мəндерін
растаған сəттен бастап есептеледі. Уақыт мəнін 24 сағат ауқымында орнатуға болады.

Таймердын берілген мəндерді бекіту

Уақытты қосу/өшіру уақытының параметрлерін растау үшін ПОДТВ/ОТМЕНА түймесін пайдаланыңыз. Осыдан
кейін қашықтан басқару пультінің дисплейінде ON немесе OFF индикаторлары жыпылықтауын тоқтатады жəне
кондиционердің қосу/өшіру уақыты көрсетіледі. Ішкі блоктың ақпараттық дисплейінде ТАЙМЕР индикаторы
жанады.

Таймердын берілген мəндерді болдырмау

Берілген таймер мəндерін болдырмау үшін ON жəне OFF индикаторлары қашықтан басқару дисплейінде
жойылғанша ТАЙМЕР ВКЛ немесе ТАЙМЕР ВЫКЛ түймелерін басыңыз. Өшіруді ПОДТВ/ОТМЕНА түймесі арқылы
растаңыз.

НАЗАР АУДАРУ!
Батареяларды ауыстырғаннан кейін немесе электрмен жабдықтау істен шыққаннан кейін таймер параметрлерін
қайта бағдарламалау қажет. Кондиционерді белгілі бір уақытта қосу үшін, содан кейін белгілі бір уақыттан кейін
өшіру үшін немесе керісінше - кондиционерді белгілі бір уақытта өшіру үшін, содан кейін оны белгілі бір уақыттан
кейін қосу үшін ТАЙМЕР ВКЛ жəне ТАЙМЕР ВЫКЛ түймелерін пайдаланыңыз.

7

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Летний климат / Кондиционеры (сплит-системы)

9228140 VICKERS VCH-18HE/VCH-18HE

22 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Летний климат / Кондиционеры (сплит-системы)

AUX ASW-H18A4/FP-R1 - AS-H18A4/FP-R1

26 стр.