Текст страницы
Теледидардың бүйірлік панелі
ANT1
DIGITAL
AUDIO OUT
ANT2
(SATELLITE)
LAN
COMMON
INTERFACE
HDMI2
HDMI1(ARC)
AV
Батареяларды басқару пультіне орнату
1. Қашықтан басқару пультінің артқы жағындағы қақпақты ашыңыз.
2. Екі AAA типті батареяны орнатыңыз. Батареялардың ұштарындағы «+» және
«-» белгілерінің бөліктердің ішіндегі көрсеткіштерге сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
3. Қақпақты жабыңыз.
13/18 V 400 mA
USB2.0 (5V 500mA)
Теледидарды қосу және өшіру
- Теледидарды қосу
Теледидарды розеткаға қосыңыз. Егер теледидардың қуат ажыратқышы
болса, алдымен соны қосыңыз. Теледидарды қосу үшін күту режимінде
пульттегі қуат беру батырмасын басыңыз.
- Теледидарды өшіру
Күту режимін қосу үшін пульттегі қуат беру батырмасын басыңыз.
Теледидарды күту режимінде ұзақ қалдырмаңыз. Қуаттандыру баусымын
ажыратуды ұсынамыз.
ЕСКЕРТУ:
Қуат беру кездейсоқ өшірілген кезде, электр қуат көзі қалпына келтірілген-
нен кейін теледидар автоматты түрде күту режиміне оралады. Теледидарды
қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қуатты жиі өшіруге және қосуға
тыйым салынады, сондықтан қуат беру кездейсоқ өшірілген кезде қуаттан-
дыру баусымын розеткадан ажырату ұсынылады.
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ (ҚБ) ПУЛЬТІ
1. LAN – LAN RJ-45 жергілікті желісінің қосқышы. Желіні қосу үшін RJ-45
штепселі бар LAN кабелін пайдаланыңыз (жеткізу жиынтығына кірмейді).
2. HDMI – HDMI кірісі, сыртқы дыбыстық жүйені HDMI-нің кері дыбыстық ар-
насы (ARC) арқылы қосу мүмкіндігі. HDMI1 – ARC функциясы бар.
3. USB – USB 2.0 құрылғыларын қосуға арналған қосқыш («Медиаплеер»
режимінде жұмыс жасайды).
4. ANT1 – антенна кірісі (75 Ом).
5. ANT2 (SATELLITE) – жерсеріктік антеннаға арналған кіріс.
6. DIGITAL AUDIO OUT – сандық коаксиалды дыбыс шығысы.
7. AV – композиттік сыртқы сигнал қосылған кезде әр түрлі сыртқы көз-
дердің сол/оң дыбыстық арналарын қосуға арналған теледидардың
кіріс қосқыштары, mini AV қосқышы қолданылған (3,5 мм - 3хRCA ауы-
стырғышы қажет болады).
8. COMMON INTERFACE – CAM модулін қосуға арналған слот.
9.
- құлаққапты қосуға арналған қосқыш.
10.
- қуатты қосу/өшіру батырмасы.
ЕСКЕРТУ: кіріс/шығыс қосылымдарының опциялары өнімнің нақты моделіне
байланысты өзгеруі мүмкін.
Дыбысты қосу/өшіру батырмасы
Теледидарды қосу/өшіру
батырмасы
Навигация батырмалары
ОК батырмасы
Қайтару батырмасы
экранда сәлемдесу пайда болғанша күтіңіз. Содан кейін пульттегі OK ба-
тырмасын басыңыз.
2. Пайдаланушы келісімін оқып, пульттегі OK батырмасын басыңыз.
3. Теледидардың интернетке қалай қосылатынын таңдаңыз: Wi-Fi немесе
жергілікті желі арқылы. Егер сымсыз желі пайдаланылса, оны тізімнен
іздеп табыңыз, пульттегі OK батырмасын басып, желінің құпиясөзін ен-
гізіңіз. Жергілікті желіге қосылу үшін LAN сымын қосып, Жергілікті желіні
таңдаңыз. Егер сіз теледидарды интернетке қосқыңыз келмесе, Өткізіп
жіберу батырмасын басыңыз — пульттің қосылу кезеңіне өтеді (7-тар-
мақты қараңыз). Назар аударыңыз, интернетсіз сіз желідегі телеарналар
мен бейнелерді көре алмайсыз, сонымен қатар теледидар бағдарламалық
жасақтаманы жаңартпайды.
4. Теледидар интернеттегі бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын
іздей бастайды. Операция аяқталғанша күтіңіз.
5. Яндекстегі өз аккаунтыңызға кіріңіз:
• Егер сіздің смартфоныңызда Яндекс қосымшасы бар болса және сіз оған
тіркелген болсаңыз, оны ашыңыз, іздеу жолағында камера белгішесін ба-
сып, теледидар экранынан QR-кодты сканерлеңіз.
• Егер сізде Яндекс қосымшасы болмаса, кез-келген интернетке қосылған
компьютер, телефон немесе планшеттен браузерді ашып, мекен-жай жо-
лағына yandex.ru/activate деп енгізіңіз. Егер сайтта авторландыруды
сұрап тұрса – өз аккаунтыңызғы кіріңіз. Одан соң теледидар экранындағы
кодты енгізіңіз да Кіруді басыңыз.
• Егер Яндекс аккаунтына кіру үшін сіз екі факторлы сәйкестендіруді пай-
далансаңыз, Яндекс.Кілт қосымшасын ашыңыз да, теледидар экранынан
QR-кодты сканерлеңіз.
6. Авторландыру аяқталғанша күтіңіз және пульттен ОК басыңыз.
7. Экранда пультті теледидарға Bluetooth арқылы қосу туралы сұрау пайда
болады. Қосылуды бастау үшін пульттегі дыбыс деңгейін төмендету және
жоғарылату батырмаларын бір уақытта басып, индикатор сөнгенше ұстап
тұрыңыз. Қосылу аяқталғаннан кейін теледидардың басты экраны ашы-
лады.
Баптау батырмасы
Дауыстық ендіру батырмасы
Телеарналар батырмасы
Басты экранға өту батырмасы
БАСТЫ ЭКРАН
Сигнал көзін таңдау батырмасы
Ойнату/кідірту батырмасы
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Басқару пультін пайдалану
- Қашықтан басқару пультін теледидарда орналасқан қашықтан басқару
(ҚБ) хабаршысына бағыттаңыз. Егер пульт пен ҚБ хабаршысының арасында
қандай да бір объект тұрса, пульт жұмыс жасамуы мүмкін.
- Теледидарды жарықтандырылған бөлмеде қолданған кезде ҚБ-дың ин-
фрақызыл хабаршысы дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.
- ҚБ пультін пайдалану үшін ұсынылатын максималды тиімді қашық шамамен
7 метрді құрайды.
Дыбыс деңгейін төмендету және
жоғарылату батырмалары
Батареяларды ауыстыру
Батареяларды уақтылы ауыстырыңыз. ҚБ пульті жұмыс істеуі үшін батарея-
ларды нұсқаулыққа сәйкес орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер батареялар дұрыс орнатылмаса, жарылыс болуы
мүмкін. Батареяларды тек бірдей немесе ұқсас типтегі батареялармен ауы-
стырыңыз.
ЕСКЕРТУ:
ҚБ пультінің батырмалары пайдалану бойынша нұсқаулықтағы суреттен өз-
геше болуы мүмкін.
Бастапқы баптау
1. Теледидарды розеткаға қосыңыз да теледидардың корпусындағы немесе
пультіндегі О қосу батырмасын басыңыз. Теледидар жүктелгенше және
14