Инструкция 6.6" Смартфон HUAWEI Pura 80

Страница 18 (стр. 18 из 24)

Бренд: HUAWEI

Страница 18 документа 6.6" Смартфон HUAWEI Pura 80. Раздел: Смартфоны. Бренд: HUAWEI.

Текст страницы

мүмкін, әуе кемесі жұмысына қауіп төндіреді
немесе заңсыз болады.
• Құрылғының немесе зарядтағыштың ішкі тізбегіне
зақым келтірмес үшін, құрылғыны шаңды, дымқыл
немесе лас орында не магниттік өріске жақын
пайдалануға болмайды.
• Қуат ашасы ажырату құрылғысы ретінде
пайдаланылады. Ашалы жабдық үшін розетка оңай
қол жететін болуы керек. Расталған қуат
адаптерлері мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз.
• Зарядтағышты пайдаланылмаған кезде электр
розеткасынан және құрылғыдан ажыратыңыз.
• Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар
сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті,
мұнай базасы немесе химиялық зауыт)
пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе
тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда
пайдалану жарылу немесе өрт қаупін арттырады.
• Батареяны өрттен алыс ұстаңыз және оны
бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға
болмайды. Оған бөгде нысандарды салуға, оны
суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға не оған
сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі
бұл батареяның ағуына, қызып кетуге, тұтануға
немесе жарылуға да себеп болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды
жергілікті ережелерге сәйкес жойыңыз. Оларды
қалыпты тұрмыстық қоқыспен жоюға болмайды.
Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа
немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыда кірістірілген батарея бар. Батареяны
өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз. Әйтпесе,
құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі немесе ол
батареяны зақымдауы мүмкін. Сіздің жеке
қауіпсіздігіңіз үшін және құрылғыңыз дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін Huawei өкілетті қызмет
орталығына оны ауыстыру үшін хабарласуға кеңес
беріледі.
• Құрылғыңызды пайдалануыңыз медициналық
құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау
үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне
хабарласыңыз.

16

Оглавление

Знакомство с устройством 3