Инструкция 6.88" Смартфон Xiaomi REDMI A5

Страница 3 (стр. 3 из 19)

Бренд: Xiaomi

Страница 3 документа 6.88" Смартфон Xiaomi REDMI A5. Раздел: Смартфоны. Бренд: Xiaomi.

Текст страницы

Сақтық шаралары


Белгілі бір жағдайларда және орталарда ұялы телефондардың пайдаланылуын
шектейтін барлық қолданыстағы заңдар мен ережелерді ұстаныңыз.

Телефонды жанармай құю бекеттерінде, жарылыс қаупі бар немесе жарылу қаупі
жоғары орталарда, соның ішінде жанармай құю станцияларында, кеме палубаларының
астында, жанармай немесе химиялық заттар тасымалданатын немесе сақталатын
жерлерде немесе ауасында астық, шаң немесе металл ұнтақтары секілді химиялық
заттар немесе бөлшектер болуы мүмкін жерлерде пайдаланбаңыз. Телефон немесе
басқа да радиожабдық түрлері сияқты барлық сымсыз құрылғыларды өшіруді талап
ететін кез келген ережелерді ұстаныңыз. Жарылыс жұмыстары жүргізілетін аумақта
немесе ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында «дуплексті радиостанцияларды»
немесе «электрондық құрылғыларды» өшіруді талап ететін жерлерде ұялы телефонды
немесе сымсыз құрылғыны өшіріңіз.

Телефонды аурухананың ота жасайтын бөлмелерінде, жедел жәрдем немесе
жансақтау бөлімдерінде пайдаланбаңыз. Әрқашан ауруханалар мен медициналық
орталықтарда белгіленген барлық ережелер мен талаптарды орындаңыз. Медициналық
құрылғыны пайдаланатын болсаңыз, телефоныңыз құрылғының жұмысына кедергі
келтірмейтініне көз жеткізу үшін дәрігеріңізбен және құрылғы өндірушісімен
кеңесіңіз. Кардиостимулятор үшін ықтимал кедергілерді туындатпау үшін әрқашан
ұялы телефон мен кардиостимулятор арасында кемінде 15 см қашықтықты сақтаңыз.
Бұны телефонды жүрекширатқышқа қарама-қарсы құлақта пайдалану және телефонды
төс қалтада алып жүрмеу арқылы жасауға болады. Медициналық жабдыққа кедергі
келтірмеу үшін телефонды есту аппараттарының, кохлеарлық импланттардың немесе
басқа ұқсас құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз.

Ұшақтағы барлық қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз және ұшақ борты сұраған
жағдайда телефонды өшіріңіз.

Көлік жүргізу кезінде телефонды жол жүру ережелері мен талаптарына сәйкес
пайдаланыңыз.

Найзағай соғуының алдын алу үшін күн күркіреген кезде телефонды сыртта
пайдаланбаңыз.

Телефоныңыз зарядталып жатқан кезде, оны қоңырау шалу үшін пайдаланбаңыз.

Телефонды жуыну бөлмелері секілді ылғалдылығы жоғары жерлерде пайдаланбаңыз.
Бұл электр тоғының соғуына, жарақат алуға, өртке немесе зарядтағыштың
зақымдалуына әкелуі мүмкін

Қауіпсіздік мәлімдемесі

Кірістірілген бағдарламалық жабдықты жаңарту мүмкіндігін пайдаланып
телефоныңыздың операциялық жүйесін жаңартыңыз немесе кез келген уәкілетті қызмет
көрсету орталықтарына жүгініңіз. Басқа әдістерді пайдаланып бағдарламалық жабдықты
жаңарту құрылғыны зақымдауы немесе деректердің жоғалуына, қауіпсіздік мәселелерінің
туындауына және басқа да қауіптерге әкелуі мүмкін.

ЕО ережелері

RED сәйкестік декларациясы
Xiaomi Communications Co., Ltd компаниясының мәлімдемесіне сәйкес Bluetooth және
Wi-Fi мүмкіндіктерімен қамтылған бұл GSM / GPRS / EDGE / UMTS / LTE сандық ұялы
телефоны 25028RN03A RE 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына және басқа
да тиісті ережелеріне сәйкес келеді. ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні келесі
сілтеме бойынша қолжетімді: www.mi.com/en/certification

Радиожиілік сәулеленуінің әсер етуі (SAR) туралы ақпарат

Бұл құрылғы 1999/519/ЕC Кеңесінің ұсынысында, ICNIRP нұсқаулығында және RED
сәйкестік декларациясында (2014/53/EU директивасында) көрсетілген жалпы пайдалану/
бақыланбайтын әсер ету бойынша салыстырмалы сіңіру коэффицентінің (SAR)
шектеулеріне (бас пен дене үшін 10 грамға шаққандағы SAR шектеуі: 2,0 Вт/кг) сәйкес
келеді.

SAR сынағы кезінде құрылғы барлық сыналған жиілік ауқымдарында ең жоғары
сертификатталған қуат деңгейіне орнатылды және қосымша оқшаулаусыз және дененің
жанында 5 мм қашықтықта пайдаланылған кезде радиожиілік сәулеленуінің әсер етуін
қайталайтын күйлерге орналастырылды.

Құрылғының адам денесіне әсері SAR талаптарына сәйкес екені құрылғы мен адам денесі
арасындағы қашықтық 5 мм болған сынақтарға негізделген. Радиожиілік сәулелену
деңгейі мәлімделгенге сәйкес келуі немесе одан төмен болуы үшін бұл құрылғыны
денеден кемінде 5 мм қашықтықта ұстау керек. Құрылғыны денеге жақын бекіткен кезде
металл бөлшектері жоқ және құрылғы мен дене арасындағы кемінде 5 мм қашықтықты
қамтамасыз ететін белдік қысқышын немесе тысқапты пайдалану керек. Денеге
металл аксессуарлары киіліп, радиожиілік сәулеленуінің әсер етуі сыналмаған немесе
сертификатталмаған, сол себепті мұндай аксессуарларды пайдаланудан аулақ болу керек.