Текст страницы
30
KZ
• Құрылғыны өздігіңізден жөндеуге тыйым салынады.
Құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез- келген
ақаулықтар пайда болған кезде, сондай-ақ құрылғы
құлағаннан кейін оны электр желісінен ажыратыңыз
және авторланған сервистік орталыққа жүгініңіз.
• Құрылғыны зақымдамау үшін, оны тек зауыт қапта-
масында тасымалдаңыз.
• Құрылғыны салқын және құрғақ жерде, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпей-
тін жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА АР-
НАЛҒАН, ҚҰРАЛДЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құралды кері температурада тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан шыға-
рыңыз және пайдалану алдында 3 сағат күтіңіз.
• Құралды қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Құрылғыны зақымдануына қатысты байқап
шығыңыз, зақымдануы болған жағдайда оны электр
желіге қоспаңыз.
• Құрылғының қуат кернеуінің көрсетілген параметр-
лері электр желісінің параметрлеріне сәйкес келетіні-
не көз жеткізіңіз. 60 Гц жиіліктегі электр желісіндегі
құрылғыны пайдалану кезінде қосымша әрекеттер
қажет емес.
• Аэрогриль корпусының қабырғасынан бастап артқы
бөлігіне дейінгі қашықтық 20-30 см кем болмауы
керек, аэрогриль корпусының бүйір бөліктерінен
қашықтық 10-20 см кем болмауы керек, аэрогриль
үстіндегі еркін кеңістік 20 см кем болмауы керек.
• Аэрогрильді электр розеткасына қолжетімділік
әрқашан бос болатындай етіп тегіс, құрғақ, тұрақты,
термо төзімді бетке орнатыңыз және пайдаланыңыз.
• Аэрогриль корпусын (5) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Тұтқасынан (5) ұстаңыз және түпқойманы (1) то-
рымен (2) бірге шығарып алыңыз.
• Қорғаныс қақпағын (3) сырғытыңыз және бекіткіш
түймесін (4) басыңыз.
• Торды (2) шығарып алыңыз.
• Себетті (2) бейтарап жуу құралын пайдаланып,
жылы сумен жуыңыз, шайыңыз, содан кейін құрға-
тып сүртіңіз.
• Түпқойманы (1) сыртынан және ішінен сәл дымқыл
шүберекпен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Торды (2) түпқоймаға (1) бекіткіші шертілгенше орна-
тыңыз, тордың (2) түпқоймаға (1) мықтап бекітілгені-
не көз жеткізіңіз.
• Түпқойманы (1) тормен (2) орнату орнына (8) орна-
тыңыз.