Инструкция ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

Страница 35 (стр. 35 из 68)

Бренд: ARISTON

Страница 35 документа ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: ARISTON.

Текст страницы

2.2. Гидравликалық қосу
Назар аударыңыз! Жеткізілім жинағына кіретін сақтандырғыш клапанды орнату міндетті талап болып табылады.
Сақтандырғыш клапаны мен бактің аузына кез келген ілмекті арматураны орнатуға, сондай-ақ сақтандырғыш клапанының
су ағызатын саңылауын жауып тастауға тыйым салынады.
Су жылытқышты сумен қамту жүйесіне қосу ажырамалы қосылыстардың көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.

Стандартты қосу
2.2.1. Жеткізу жинағына кіретін сақтандырғыш клапанды (А 2-сур.) су жылытқыштың суық су кірісіне (көк
сақинамен белгіленген) орнату қажет.
2.2.2. Сақтандырғыш клапан аузындағы келте құбырды құбырдың немесе иілгіш шлангтің көмегімен суық су магистраліне
жалғаңыз.
2.2.3. Ыстық суды су бөлетін жерге бұру үшін су жылытқыштың ыстық су шығатын жеріне (қызыл сақинамен белгіленген)
құбырды немесе иілгіш шлангті жалғаңыз.
2.2.4. Қызмет көрсету ыңғайлы болу үшін су жылытқыштың суық су кірісі мен сақтандырғыш клапан арасына
ілмекті шүмегі бар үшайыр орнату қажет (В 2-сур.).
Бұл сақтандырғыш клапанды бөлшектемей, су жылытқыштың суын ағызуға мүмкіндік береді.
2.2.5. Суды ағызғанда бакке ауа кіруін жеңілдету үшін су жылытқыштан ыстық су шығатын жерге ілмекті шүмегі бар
үшайыр орнату керек.
2.2.6. Су жеткізу желісінің қысымы 5 бардан жоғары болғанда сақтандырғыш клапанының алдына су
қысымының редукторын орнату керек.
2.2.7. Құрылғы кермектігі кем дегенде 12°Ғ кем сумен жұмыс істеуге арналмаған. Кермектігі 25°Ғ жоғары суда шөгінді
түзілуін және қыздырғыш элементтің бұзылу ықтималдылығын төмендету үшін жұмсартқышты қолдану қажет. Бұл
жағдайда судың кермектігі 15°Ғ кем болмауы қажет.

Су құйылған ашық резервуарға жалғау
2.2.8. Су жылытқышқа су резервуардан өздігінен келеді. Бұл жағдайда резервуар су жылытқыштың жоғарғы нүктесінен
2 метр жоғары орналасуы керек. Осылай қосылған жағдайда сақтандырғыш клапанның болуы міндетті емес.

2.3. Электрлік қосу
Назар аударыңыз! Құрылғыны электрлік монтаждауды қауіпсіздік техникасының қағидаларын сақтай отырып
білікті маман орындауға тиіс. Өндіруші фирма жерге дұрыс тұйықтамаудың немесе электр қуатын беру көздерінің
параметрлері дұрыс болмауының салдарынан құрылғының зақымдалуына жауапты емес.
2.3.1. Егер құрылғы электрлік кабелімен және вилкасымен бірге жеткізілсе – онда оны жай ғана электр қуатын беру көзіне
қосыңыз.
2.3.2. Егер су жылытқыш электр қуатын беру кабелінсіз жеткізілсе, электрмен қамту желісіне қосу үшін сәйкес типті
кабельді қолданыңыз (H05VV-F типті 3x1,5 мм2, Ø 8,5 мм). Су жылытқыштың қақпағын ашыңыз. Электр қуатын беру
кабелін құрылғының қақпағында орналасқан саңылауға өткізіңіз және термостаттағы клеммаға жалғаңыз. Осыдан кейін
әрбір сым сәйкес бұрандамен бекітілуі тиіс.
2.3.3. Су жылытқыш жерге тұйықталуы тиіс. Жерге тұйықтау схемасы су жылытқыштың корпусында электрлік күштің
болмауын қамтамасыз етуге тиіс. Жерге тұйықтау сымын (сарғыш жасыл түсті) таңбамен белгіленген клеммаға
жалғау
керек. Электр қуатын беру кабелін кабель қысқыштардың көмегімен бекітіңіз.
Электр қуатын беру параметрлерінің сәйкестендіру тақтайшасында берілген су жылытқыштың техникалық
сипаттамаларына сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.

35

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.