Инструкция ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

Страница 38 (стр. 38 из 68)

Бренд: ARISTON

Страница 38 документа ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: ARISTON.

Текст страницы

4.3.3. ҚАҚ (қорғаныстық ажырату құрылғысы)
Егер аспап электр қуатының кабілінде орналасқан қорғаныстық ажырату құрылғысымен
(ҚАҚ) бірге жеткізілсе, су жылытқыштың багын суға толтырып, жүйенің бітеулігін
тексергеннен кейін – су жылытқыштың электрлі ашасын розеткаға қосып, келесі
әрекеттерді орындаңыз:
- ҚАҚ қорабындағы «RESET» түймесін басыңыз. Қуат берілгенін растайтын индикатор
жанады. - «TEST» түймесін басыңыз. Кернеу берілуі тоқтап, қуат көзі индикаторы өшеді.
- «RESET» түймесін қайта басыңыз. Егер қуат көзі индикаторы жанса, бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалануға болатынын
білдіреді.
- Егер «RESET» түймесін басқаннан кейін қуат көзінің индикаторы жанбаса - жақын жердегі мамандандырылған сервис
орталығына хабарласыңыз.
4.3.4. Қыздырғыш элемент (ҚЭҚ)
Құбырлы электрлік қыздырғыш (ҚЭҚ) электр қуатының жылу қуатына айналуы жолымен ішкі бактағы суды
қыздыруға арналған.
Оның бетінде әк қағының (шөгіндінің) пайда болуы жылу берудің нашарлауына, қызып кетуге және
қыздырғыш элементтің уақытынан бұрын істен шығуына әкелуі мүмкін. Жүйелі түрде тексеріп, және қажет
жағдайда оның бетіндегі қақты қақ кетіретін құралдың көмегімен кетіріп тұрыңыз.
Қыздырғыш элементінің кепілдігі бір немесе бірнеше талаптар орындалмаған жағдайда жарамсыз:
- судың кермектігі 25°F жоғары;
- ҚЭҚ бетіндегі қақ қабатының қалыңдығы 5 мм көп;
- магнийлік анодтың қалдық көлемі бастапқысының 30%-нан аз.
4.4. Назар аударыңыз
4.4.1. Дұрыс қоспаудың немесе осы нұсқаулықтың талаптарын сақтамаудың салдарынан келтірілген залалға өндіруші
жауапты емес.
4.4.2. Сантехникалық жеткізу және ілмекті арматура су құбыры желісінің параметрлеріне сай болуға тиіс.
4.4.3. Су жылытқыш тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі электрлік құрылғы болып табылады.
4.4.4. 50°С-тан жоғары ыстық су өлімге әкелетін қатты күйіктер туындатуы мүмкін. Балалар, егде жастағы адамдар мен
денсаулығы әлсіз адамдар үшін күйік алу қаупі тым жоғары.
4.4.5. Су жылытқыштан су тамшылауы мүмкін, сондықтан оның астына құнды заттар мен киімдерді қалдырмаңыз.
4.4.6. Егер құрылғыны орнатқан жердің температурасы 0°С-тан төменге түсу ықтималдылығы болса, су жылытқыштың
ішіндегі суды ағызып тастау керек.
4.4.7. Су жылытқышты монтаждау мен қосу сатып алушының есебінен жүзеге асырылады.
4.4.8. Бұйымның сыртқы корпусындағы жылу изоляциясының іздері өндірістік процесстің технологиялық ерекшелігі болып
табылады және ақауына жатпайды.
4.4.9. Құрылғыны барлық жөндеу жұмыстарын және қызмет көрсетуді су жылытқышты электр қуаты көзінен ажыратқаннан
кейін жүргізу керек.
4.4.10. Барлық ақауларын тек жөндеу ұйымының мамандары жояды.
4.11. Ақауы туындаған жағдайда су жылытқышты электр қуаты көзінен ажыратыңыз, суық су келетін жерді жабыңыз және
сервистік қызметке ақауы жөнінде хабарлаңыз.
4.4.12. Сервистік орталыққа жүгінер алдында оның ақауы сумен қамту немесе электр қуатын беру жүйелерінің іркілістеріне
байланысты емес екендігіне көз жеткізіңіз.
Кепілдік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша жақын жердегі авторландырылған сервистік орталыққа
жүгініңіз.
4.5. Тыйым салынады
4.5.1. Су жылытқыштың конструкциясын өзгертуге.
4.5.2. Тігінен орналастырылатын үлгілерді көлденең, ал көлденең үлгілерді – тігінен орнатуға.
4.5.3. Су жылытқышты тағайындалымынан тыс қолдануға.
4.5.4. Су жылытқышты пайдалану кезінде қисайтуға, жылжытуға немесе аударуға.
4.5.5. Сақтандырғыш клапанының су ағызатын саңылауын жабуға немесе бітеуге.
4.5.6. Егер су жылытқышта су жоқ болса, электр қуатын қосуға.
4.5.7. Электр қуаты қосылып тұрғанда құрылғының пластик қақпағын ашуға.
4.5.8. Жерге дұрыс тұйықталмаса немесе мүлдем тұйықталмаса су жылытқышты қосуға.
4.5.9. Жылу немесе суық және ыстық сумен қамту құбырларын жерге тұйықтау мақсатында қолдануға.
4.5.10. Электр қуатына қосу үшін үшайырларды, ұзартқыштарды және жалғастырғыштарды қолдануға.
4.5.11. Қыздырғыш элементі немесе термостаты бұзылғанда су жылытқышты қосуға.
4.5.12. Су жеткізу желісінің қысымы 5 бардан жоғары болғанда су қысымының редукторсыныз су жылытқышты қолдануға.
4.5.13. Су жылытқышты ең жоғары қысымында 80°С –тан асатын температураға арналмаған құбырларға және фитингтерге
жалғауға.
4.5.14. Су жылытқышты сақтандырғыш клапанынсыз немесе сипаттамасы жинақпен жеткізілетін клапаннан басқаша
клапанмен су құбыры желісіне қосуға.
4.5.15. Сақтандырғыш клапанын су жылытқыштан ыстық су шығатын жерге жалғауға.
4.5.16. Құрылғыны желдетілмейтін және ылғалды ғимараттарға орнатуға.
4.5.17. Су жылытқышты 0-ден төмен температураларда пайдалануға.
4.5.18. Құрылғыны тікелей күн сәулесінің астына қалдыруға.
Өндіруші алдын ала ескертусіз бұйымның конструкциясына, дизайнына, жинағы мен басқа да сипаттамаларына
аздаған өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Осы бұйым WEEE 2012/19/EU Директивасының талаптарына сай
Үсті сызылған қоқыс себетінің таңбасы қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес осы бұйымды тұрмыстық
қалдықтардан жеке кәдеге жарату керек екендігін білдіреді.
Тұтынушы жабдықты дұрыс кәдеге жаратуға жауапты, осы арқылы қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді және бұйым
жасалған материалдарды қайта қолдануды қамтамасыз етеді.

38

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.