Текст страницы
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
1. Осы нұсқаулық су жылытқыштың жеткізілім жинағына кіреді. Құрылғыны
басқа тұтынушыға беретін және/немесе басқа жерге ауыстыратын
жағдайлар үшін нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз.
2. Осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. Нұсқаулықта су жылытқышты
орнату, пайдалану және қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік
шаралары туралы қажетті ақпарат берілген.
3. Құрылғыны монтаждау тұтынушының есебінен жүзеге асырылады.
4. Құрылғыны тағайындалымынан тыс қолдануға қатаң тыйым салынады.
Өндіруші фирма осы нұсқаулықтың талаптарын орындамаудың
нәтижесінде орын алған ақаулары үшін жауапты емес.
5. Монтаждау және техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмысты
білікті маман қолданыстағы нормалар мен қағидаларға, сондай-ақ
өндіруші фирманың талаптарына сәйкес орындауы тиіс.
6. Дұрыс орнатылмаған құрылғыны пайдалану жарақаттануға және
мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін. Өндіруші жабдықты дұрыс орнатпаудың
салдарынан болған ақауларға жауапты емес.
7. Қаптау
материалдарын
(қысқыштар,
полиэтилен
пакеттер,
пенополистирол және т. б.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Қаптау материалы денсаулыққа зиян.
8. Физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен тұлғаларға
(балаларды қоса алғанда) немесе олардың өмірлік тәжірибесі мен
білімі болмаған жағдайда, және егер ол өздерінің қауіпсіздігіне жауапты
тұлғаның бақылауында болмаса немесе құрылғыны қолдану жөнінде
нұсқау берілмесе, құрылғыны пайдалануға болмайды.
9. Егер сіз аяқ киімсіз немесе Сіздің қолыңыз және/немесе аяғыңыз су
болса, құрылғыны ұстамаңыз.
10.Жөндеу жұмыстарын білікті маман өндіруші фирма шығарған қосалқы
бөлшектерді қолдана отырып орындауға тиіс. Осы талап сақталмаған
жағдайда өндіруші өзінен барлық кепілді міндеттемелерді алып
тастайды.
11.Ыстық судың температурасы қызып кетуден қорғау функциясын
атқаратын термостатпен реттеледі.
12.Сумен қамту «Гидравликалық қосу» тармағына сәйкес орындалуға тиіс.
31