Инструкция Beko B3WFR572WB

Страница 62 (стр. 62 из 68)

Бренд: Beko

Страница 62 документа Beko B3WFR572WB. Раздел: Стиральные машины. Бренд: Beko.

Текст страницы

7 Ақаулықтарды жою

Бағдарламаны іске қосу немесе таңдау мүмкін емес.

• Кір жуғыш машина су немесе электр энергиясын берудің бұзылуынан (мысалы, желідегі
кернеудің төмендеуі, су қысымы және т.б.) өзін-өзі қорғау режиміне ауыстырылды.>>>
Бағдарламаны болдырмау үшін, бағдарламаны таңдау тұтқасын басқа бағдарламаға сәйкес
күйге бұрыңыз. Бұрын таңдалған бағдарлама жойылады. («Бағдарламаны жою» бөлімін
қараңыз).

Машинада су бар.

• Кір жуғыш машинада дайындаушы-кәсіпорында сапаны бақылау процесінде пайдаланылған
біраз су қалуы мүмкін. >>> Бұл ақаулық емес және машина үшін қауіп төндірмейді.

Машина түбінен су ағады.

• Сорғының шлангысы мен сүзгісін тексеріңіз: >>> Құю шлангаларындағы төсемдердің
герметикалығын тексеріңіз. Шлангыны су құбыры кранына тығыздап қосыңыз
• Мүмкін сорғы сүзгісі толық жабық емес. >>> Сорғы сүзгісінің толық жабылғанын тексеріңіз.

Машинаға су ақпайды

  • Су құбыры краны жабылған. >>> Крандарды ашыңыз.
  • Құю шлангысының майысуы. >>> Шлангыны түзетіңіз
  • Су беру келте құбырының сүзгісі бітеліп қалды. >>> Сүзгіні тазалаңыз.
  • Жүктеу люгінің есігі сәл ашық. >>> Жүктеу люгінің есігін жабыңыз.

Машинадан су ағызылмайды.

  • Ағызу шлангы бітелген немесе бұралып қалған. >>> Шлангыны тазалаңыз немесе түзетіңіз.
  • Сорғының сүзгісі қоқыстанған. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.

Машина қатты дірілдейді немесе шулайды.

• Машина орнықсыз тұр. >>> Машинаны орнықтыру үшін аяқшаларын реттеңіз.
• Сорғы сүзгісіне бөгде зат түсті. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.
• Тасымалдау сақтандырғыш болттары шешілмеген. >>> Тасымалдау сақтандырғыш болттарын
жойыңыз.
• Тым аз киім-кешек жүктелген. >>> Машинаға көбірек киім-кешек жүктеңіз.
• Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинадан киім-кешектің біраз бөлігін алып тастаңыз
немесе оны қолмен біркелкі таратыңыз.
• Машина қисайып тұр, өйткені аяқша астына бөгде зат түскен. >>> Машина түзу тұрмауының
себебін, астында бөгде заттың болмауын тексеріңіз.

Машина бағдарлама іске қосылғаннан кейін көп ұзамай тоқтады.

• Кір жуғыш машина желіде кернеудің төмендеуіне байланысты уақытша тоқтатылуы мүмкін.
>>> Қалыпты кернеу қалпына келтірілгеннен кейін ол жұмысты қайта бастайды.

Машинаға құйылатын су бірден ағызылады.

• Ағызу шлангысы тым төмен орнатылған. >>> Пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай, ағызу
шлангысын қосыңыз.

Жуу кезінде машинадағы су көрінбейді.

• Сырттан кір жуғыш машинада су деңгейі көрінбейді. Бұл ақаулық болып табылмайды.

Жүктеу люгінің есігі ашылмайды.

• Есіктің құлпы бұғатталған, себебі машинада су бар. >>> Суды ағызу үшін «Ағызу» немесе «Сығу»
бағдарламасын іске қосыңыз.
• Машина суды қыздырып жатыр немесе сығу циклын орындап жатыр. >>> Бағдарламаны
аяқтауды күтіңіз.
• Балалардан бұғаттау қосылған. Есік құлпы бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан
кейін бұғаттан шығады. >>> Есіктің құлпы бұғаттан шыққанға дейін, бірнеше минут күтіңіз.

62 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық

Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Aceline WF-6A1H

44 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

Beko B3WFR572WB

68 стр.