Текст страницы
7 Ақаулықтарды жою
Бағдарламаны іске қосу немесе таңдау мүмкін емес.
• Кір жуғыш машина су немесе электр энергиясын берудің бұзылуынан (мысалы, желідегі
кернеудің төмендеуі, су қысымы және т.б.) өзін-өзі қорғау режиміне ауыстырылды.>>>
Бағдарламаны болдырмау үшін, бағдарламаны таңдау тұтқасын басқа бағдарламаға сәйкес
күйге бұрыңыз. Бұрын таңдалған бағдарлама жойылады. («Бағдарламаны жою» бөлімін
қараңыз).
Машинада су бар.
• Кір жуғыш машинада дайындаушы-кәсіпорында сапаны бақылау процесінде пайдаланылған
біраз су қалуы мүмкін. >>> Бұл ақаулық емес және машина үшін қауіп төндірмейді.
Машина түбінен су ағады.
• Сорғының шлангысы мен сүзгісін тексеріңіз: >>> Құю шлангаларындағы төсемдердің
герметикалығын тексеріңіз. Шлангыны су құбыры кранына тығыздап қосыңыз
• Мүмкін сорғы сүзгісі толық жабық емес. >>> Сорғы сүзгісінің толық жабылғанын тексеріңіз.
Машинаға су ақпайды
- Су құбыры краны жабылған. >>> Крандарды ашыңыз.
- Құю шлангысының майысуы. >>> Шлангыны түзетіңіз
- Су беру келте құбырының сүзгісі бітеліп қалды. >>> Сүзгіні тазалаңыз.
- Жүктеу люгінің есігі сәл ашық. >>> Жүктеу люгінің есігін жабыңыз.
Машинадан су ағызылмайды.
- Ағызу шлангы бітелген немесе бұралып қалған. >>> Шлангыны тазалаңыз немесе түзетіңіз.
- Сорғының сүзгісі қоқыстанған. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.
Машина қатты дірілдейді немесе шулайды.
• Машина орнықсыз тұр. >>> Машинаны орнықтыру үшін аяқшаларын реттеңіз.
• Сорғы сүзгісіне бөгде зат түсті. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.
• Тасымалдау сақтандырғыш болттары шешілмеген. >>> Тасымалдау сақтандырғыш болттарын
жойыңыз.
• Тым аз киім-кешек жүктелген. >>> Машинаға көбірек киім-кешек жүктеңіз.
• Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинадан киім-кешектің біраз бөлігін алып тастаңыз
немесе оны қолмен біркелкі таратыңыз.
• Машина қисайып тұр, өйткені аяқша астына бөгде зат түскен. >>> Машина түзу тұрмауының
себебін, астында бөгде заттың болмауын тексеріңіз.
Машина бағдарлама іске қосылғаннан кейін көп ұзамай тоқтады.
• Кір жуғыш машина желіде кернеудің төмендеуіне байланысты уақытша тоқтатылуы мүмкін.
>>> Қалыпты кернеу қалпына келтірілгеннен кейін ол жұмысты қайта бастайды.
Машинаға құйылатын су бірден ағызылады.
• Ағызу шлангысы тым төмен орнатылған. >>> Пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай, ағызу
шлангысын қосыңыз.
Жуу кезінде машинадағы су көрінбейді.
• Сырттан кір жуғыш машинада су деңгейі көрінбейді. Бұл ақаулық болып табылмайды.
Жүктеу люгінің есігі ашылмайды.
• Есіктің құлпы бұғатталған, себебі машинада су бар. >>> Суды ағызу үшін «Ағызу» немесе «Сығу»
бағдарламасын іске қосыңыз.
• Машина суды қыздырып жатыр немесе сығу циклын орындап жатыр. >>> Бағдарламаны
аяқтауды күтіңіз.
• Балалардан бұғаттау қосылған. Есік құлпы бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан
кейін бұғаттан шығады. >>> Есіктің құлпы бұғаттан шыққанға дейін, бірнеше минут күтіңіз.
62 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық