Текст страницы
5
5. КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Сүзгі
Аспаптың кез келген бөлігін тазаламас бұрын немесе техникалық қызмет көрсетпес
бұрын, ажыратқыштың өшірілгеніне және барлық беттердің салқындағанына көз
жеткізіңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Май ұстағыш сүзгілерін шешу
1. Аспапты сөндіріңіз.
2. Сүзгілерді босату үшін сүзгі бекіткішін ажыратыңыз.
3. Ұстағыштан май ұстайтын сүзгілерін алыңыз.
Май ұстайтын сүзгі майды тағам дайындау кезінде
бөлінетін будан сүзгілейді. Май ұстайтын сүзгілерін
үнемі тазалау майды тиімді кетіруге кепілдік береді.
Май ұстайтын сүзгілерді ауа сорғышын пайдалану
режиміне байланысты, екі айда бір рет тазалауды
ұсынамыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұтану қаупі
Май ұстайтын сүзгідегі май қалдықтары тұтанып кетуі ықтимал.
Май ұстайтын сүзгілерді қолмен тазалау
1. Тазартқыш құралдарына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
2. Май ұстайтын сүзгілерді ыстық, сабынды суға батырып салып қойыңыз. Қатты
ластануды кетіру үшін арнайы май еріткішін қолданыңыз.
3. Май ұстайтын сүзгілерді щеткамен тазалаңыз.
4. Май ұстайтын сүзгілерді жақсылап шайыңыз.
5. Май ұстайтын сүзгілерді суды ағызу үшін қалдырыңыз.
Май ұстайтын сүзгілерді ыдыс жуғыш машинада тазалау
1. Тазартқыш құралдарына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
2. Май ұстайтын сүзгілерді ыдыс жуғыш машинаға қысылып қалмайтындай етіп салыңыз.
Қатты ластанған май ұстайтын сүзгілерді ас үй керек-жарақтарымен тазаламаңыз.
Қатты ластануды кетіру үшін арнайы май еріткішін қолданыңыз.
3. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
Температура 70°C аспауы керек.
4. Май ұстайтын сүзгілерді суды ағызу үшін қалдырыңыз.
Ескерту:
1. Май ұстайтын сүзгілерді ыдыс жуғыш машинада тазалау кезінде түсі аздап өңіп кетуі
мүмкін. Бұл өңіп кету металл май ұстайтын сүзгілердің жұмысына әсер етпейді.
2. Май ұстайтын сүзгілер ыдыс жуғыш машинада қысылған жағдайда зақымдалуы
ықтимал.
Май ұстайтын сүзгілерді орнату
1. Аспапты сөндіріңіз.
2. Май ұстайтын сүзгілерді ауа сорғыш корпусының артқы бөлігінің төмен жағына
салыңыз.
3. Май ұстайтын сүзгілерді жоғары қарай бұрап, бекітіңіз.
4. Май ұстайтын сүзгілердің дұрыс орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
5. Құлыптың бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
16