Текст страницы
КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Өндіруші өнімге кепілдік мерзімін белгілейді - өнімді бөлшек сауда желісі сатқан күннен бастап
немесе өнімді орнатқан ұйым алған күннен бастап 1 жыл.
Бұйымды жалпы пайдалануға жол берілетін орындарда пайдаланудың кепілдікті мерзімі –
мөртабан жəне дайындаушының аспапты шығарған күннен бастап жазба жоқ болған кезде,
орнатылған күннен бастап 6 ай.
Қызмет ету мерзімі – бұйым тұтынушыға табысталған күннен бастап 3 жыл.
Қызмет ету мерзімі аяқталған кезде, күтпеген қауіпті жайдайлардың алдын алу үшін (электрлік
бөліктері бар аспаптар үшін оқшауламаның тесілуі жəне электр тоғына ұшырау пайда болуы
мүмкін), ары қарай пайдалану мүмкіндігі немесе кəдеге жарату қажеттілігі туралы қорытынды алу
үшін, тұрмыстық құралдар бойынша бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға
жүгіну керек. Осы талап бұзылған кезде өндіруші ықтимал зардаптар үшін жауапты болмайды.
2. Тұтынушы талаптарының қанағаттандырылуы тек жеке, отбасылық, үй қажеттіліктері, со-
нымен қатар кəсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуымен байланысты емес қажеттіліктер үшін пай-
даланылатын бұйымдарға таралады.
Бұйымды тағайындалуынан тыс пайдалану, сонымен қатар өнеркəсіптік пайдаланылуы,
кеңселерде, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, ағарту жəне т.б. салалардың
кəсіпорындарында пайдаланылуы қарастырылмаған. Осындай пайдалану жағдайында кепілдікті
пайдалану мерзімі бұйымға таралмайды.
3. Кепілдік құжатының дұрыс толтырылуын, түзетулердің жоқтығын жəне онда келесілердің
көрсетілгендігін тексеріңіз:
- сату күні, сауда ұйымының мөртаңбасы жəне сатушы қолы;
- бұйымның үлгісі жəне сериялық нөмірі;
- орнату күні, орнатушы-фирма атауы жəне мөртабаны.
4. Кепілдік құжатын, сатылған бұйымға қатысты түбіртекті жəне оны орнату (жеткізу), жетілдіру,
пəтерішілік коммуникациялар бойынша қызметтерге қатысты квитанцияларды, сонымен
қатар бұйымның кепілдікті жəне басқа техникалық қамсыздандырылуына жатқызылатын басқа
құжаттарды сақтаңыз.
5. Бұйымда анықталған кемшіліктер сервис орталығымен негізсіз кідірістерсіз, «Тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы» заңда көрсетілген мерзімдерден аспайтын мерзімдерде жойылады.
6. Бұйым сапасы бойынша кез келген наразылықтар тек бұйым сапасы авторлардырылған сервис
орталығының өкілімен тексерілгеннен кейін қарастырылады.
7. Өндіруші, онымен осы кепілдік құжатында жəне пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген
талаптар сақталмаған жағдайда, тұтынушыға келтірілген кез келген ықтимал залал үшін қандай
да бір жауапкершілікті тартпайды.
ОРНАТУ ЖƏНЕ ЖАЛҒАУ
1. Орнату, жалғау үрдістерін пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарына сəйкес жүргізу
керек. Егер осы жұмыстар авторландырылған сервис орталығының мамандарымен немесе
газ немесе электрлік аспаптарды орнату жəне қызмет көрсету құқығына қатысты лицензиясы
бар мамандандырылған ұйымдар қызметкерлерімен жүргізілуі тиіс болса, онда Сізге кепілдік
құжатында көрсетілген телефондар бойынша жергілікті авторландырылған сервис орталығына,
немесе тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ұйымдарға жүгіну керек. Газбен жұмыс
жасайтын аспаптар үшін табиғи газдан сұйылтылған газға жəне бір қысымнан басқа қысымға
ауыстыру авторландырылған сервис орталықтарының немесе мамандандырылған ұйымның
қызметкерлерімен жүргізілуі тиіс.
2. Сəйкес лицензиялары жəне сертификаттары бар, басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға
жүгіну жағдайында, орнатушы деректерінің (фирма, лицензия №, шебердің Т.А.Ə.) кепілдік
құжатына енгізілуін талап етіңіз (Сату жəне орнату туралы куəлік» бағаны).
3. Бұйымды орнату жəне жалғау бойынша жұмыстардың төленуі сервис орталығының
прейскуранты бойынша жүргізіледі. Орнату жəне жалғау бойынша жұмыстарды төлеу шарттары
қолданыстағы заңнамамен реттеледі. Өндіруші пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық SLIDE 00 000 РЭ U
33