Инструкция бензиновый культиватор CARVER T-700R

Страница 36 (стр. 36 из 56)

Бренд: CARVER

Страница 36 документа Бензиновый культиватор CARVER T-700R. Раздел: Бензиновые культиваторы. Бренд: CARVER.

Текст страницы

Мотоблок пайдалануда қолайлы және қарапайым. Онымен жұмыс істеу
арнайы дайындықты қажет етпейді, бірақ нақты аспалы немесе тіркеме
құралдарды пайдалану кезінде белгілі дағдылар қажет болады, оған Сіз осы
жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулықты сақтағанда және онымен одан
кейінгі жұмыс процессінде ие боласыз.

Бұйымды басқа да мақсаттар үшін қолдану қауіпті болуы мүмкін және
шағын қопсытқыштың зақымдалуына әкелуі мүмкін.

5. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

5.1. Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Сіздің және айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі
ескертулерге ерекше назар аударған жөн:

Мотоблокты пайдалану алдында пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқыңыз. Пайдалану бойынша нұсқаулықты білмеу жарақаттануға немесе
құралдың бұзылуына әкелуі мүмкін. Мотоблокты оның тікелей тағайындалуы
бойынша пайдаланыңыз. Бұйымды басқа да мақсаттар үшін қолдану қауіпті бо­
луы мүмкін және шағын қопсытқыштың зақымдалуына әкелуі мүмкін. Әсіресе
шағын қопсытқышты тастар, сымдар және басқа да қатты заттар болуы мүмкін
учаскелерде пайдалану қауіпті.

Пайдаланылған түтінде улы иіс газы бар. Мотоблокты жабық ғимараттарда
пайдалануға тыйым салынады. Мотоблок пайдаланылатын аумақ жақсы
желдетілетініне көз жеткізіңіз.

Айналмалы жонғыштар күрделі жарақаттың себебі болуы мүмкін.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде жонғышармен қолдың немесе аяқтың жа­
насуынан сақтаныңыз.

Жонғыштарды тексеру алдында ажыратқышты өшіріңіз де, қозғалтқышты
тоқтатыңыз.

Кескіш элементтерді тазалау немесе алмастыруды тек тығыз материал­
дан жасалған қорғаныс қолғаптарымен жүргізіңіз.

5.2. Жұмысшы кеңістік

Өңделетін учаскені бөгде заттардан, тастардан, сымдардан және т.с.с.
тазалаңыз.

Өңделетін учаскеде адамдар немесе жануарлардың жоқтығын үнемі
бақылаңыз.

Тәуліктің қараңғы уақытында, нашар ауа-райында немесе нашар
көрінетін жағдайларларда мотоблокпен жұмыс істемеңіз.

Егер Сіз мотоблокпен артқа қарай қозғалсаңыз, артыңызда адамдардың
немесе бөгде заттардың жоқтығын қараңыз.

Еңіс жерде жұмыс уақытында отынның төгілуінің алдын алу үшін бактың
жартылай толтырылғанын бақылау қажет.

Еңістердің бойында мотоблокты басқарыңыз.
Мотоблокпен жұмыс кезінде немесе еңістерде бұрылу кезінде аса сақ
болыңыз.

Көтерілу деңгейі 10° жоғары еңістерде жұмыс жүргізбеңіз. Жеке
қауіпсіздік пен басқа тұлғалардың қауіпсіздігі мақсаттарында еңіс жерлерде

36

Садовая техника / Техника для сада / Уход за грунтом / Культиваторы / Бензиновые культиваторы

Champion BC7712

36 стр.