Текст страницы
кемістіктері бар тұлғалардың оларды тек бақылап отырып немесе олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаның оларға тиесілі нұсқаулықтар беруімен
пайдалануларына болады.
• Аталған құралмен балалардың ойнауына жол бермеу мақсатында оларды
бақылауда ұстау керек.
• Құрал мен оның электр сымын жылу және ылғал көздерінен, өткір
бұрыштардан және т.б. аулақ ұстаңыз.
• Электр сымдары мен құралдың зақымданбағанын тұрақты түрде тексеріп
отырыңыз. Қандай да болмасын ақауды байқасаңыз, құралды пайдалануға
болмайды.
• Электр желісіне қосатын сымды құралды алып жүретін тұтқа ретінде
пайдалануға болмайды.
• Сымның ыстық беттерге тимегенін қадағалаңыз.
• Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Құралды жөндеу және ақаулы
электр сымын ауыстыру үшін қызмет көрсету шеберханасына апарыңыз.
• Аспапты ешбір жағдайда суға немесе қандай да бір өзге сұйықтықтарға
салуға болмайды. Егер қолдарыңыз ылғалды немесе су болса, аспапты
қоспаңыз. Аспапты құрғақ жерде сақтаңыз.
KAZ
• Қозғалтқыш блогын (5) және редукторларды (6, 9) кез келген сұйықтықтарға
салуға, сондай-ақ оларды ағынды судың астында жуып-шаюға немесе
ыдыс-аяқ жуатын машинасына салуға тыйым салынады.
• Құрал өндірістік мақсатта емес күнделікті пайдалану үшін жасалған.
• Пайдаланар алдында Сіздің тұтынатын электр жүйесінің кернеудің күрт
азаю-көбеюнен сақталғандығына көз жеткізіңіз.
• Құралды үйден тыс жерде пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты арнайы нұсқаулар
• Аспаптың үздіксіз жұмыс ұзақтығы саптама-блендермен (4) және
майдалауға арналған ыдыста (8), және араластырғыштың (10)
қолданылуымен 30 секундтан аспауы тиіс. Кейін қайта қоспас бұрын
3 минут үзіліс жасаңыз.
• Саптама-блендерді (4) қолдану кезінде ыстық өнімдерді суытыңыз,
өнімдердің ең жоғары температурасы 80°С-тан аспауы тиіс.
• Жеткізілім жинақтамасына кірмейтін жабдықтарды қолданбаңыз.
• Аспапты алғаш рет пайдаланар алдында өнімдермен жанасатын
барлық алынбалы бөлшектерді мұқият жуыңыз.
• Аспапты пайдалануды бастамас бұрын, барлық бөлшектердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Аспапты тегіс орнықты жерде қолданыңыз.
20