Текст страницы
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды
өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың
нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
Құралдың сипаттамасы
Қол блендері
1.Блендерлік қондырмасы
2. Блендердің ұстағышы (моторлы блогы)
3. Құрылғының жұмыс жылдамдығын реттеуге арналған қосу батырмасы
4. Turbo (максималды жылдамдық режимін қосуға арналған) батырмасы
Ұсақтағыш бөлігі (еттартқыш)
5. Ұсақтағыш бөлігінің қақпағы
6. Ұсақтағыш бөлігінің тостағаны (500 мл)
7. Ұсақтағыш қондырмасының пышағы
Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасы
8. Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасының жалғастырғышы.
9. Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасы (венчигі)
10. Өлшеуіш стақан
Құрылғының жиынтықтылығы
Блендердің ұстағышы (моторлы блогы) – 1 дана.
Блендерлік қондырмасы – 1 дана.
Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасы (венчигі) – 1 дана.
Көпіршіткіш (бұлғауыш) қондырмасының жалғастырғышы – 1 дана.
Стақан – 1 дана.
21