Текст страницы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Айқас жүзді пайдаланбай тұрып,
әрдайым аратөсемді тексеріп, оның
зақымдалмағанына және айқас жүзге
толық отырғанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеу жолы:
Magic Bullet® құрылғысы тостағанды
мотор негізіне басып тұрған уақыт
бойы араластырады. Араластыруды
тоқтату үшін бар болғаны тостағанды
баспаңыз.
тостаған жиынтығын мотор негізінен
алып, ингредиенттерді жақсылап
шайқаңыз да, айқас жүзді босатыңыз.
Айқас жүз сонда да босамаса, айқас жүз
жиынтығын тостағаннан бұрап алып,
асүй аспабымен (саусақ емес) металл
жүздерді ақырын айналдыру арқылы
бөгетті кетіріңіз. Айқас жүзді тостағанға
қайта бекітіп, Magic Bullet® құрылғысын
желіге қосыңыз да, әрекетті қайталап
көріңіз. Қалыпты айналуы керек.
Құлыптау режимі:
Қолсыз жұмыс істету үшін тостағанды
басып, жайлап сағат тілі бағытында
жолақтар мотор негізінің астында
жиекке түскенше бұраңыз. Құлыптау
режимінде мотор үздіксіз жұмыс
істейді (бір минуттан астам уақыт
пайдаланбаңыз!). Араластыруды
тоқтату үшін бар болғаны тостағанды
сағат тіліне қарсы бағытта бұрап,
жолақтарды босатыңыз.
Қозғалып тұрған айқас жүздердің жанына
ешқашан қолыңызды не асүй аспаптарын
апармаңыз немесе мотор негізі қосулы
тұрғанда іске қосу түймелерін басу үшін
ешқашан қолыңызды не асүй аспаптарын
пайдаланбаңыз.
MAGIC BULLET ҚҰРЫЛҒЫСЫН
ЕШҚАШАН БІР МИНУТТАН АРТЫҚ
АЙНАЛДЫРМАҢЫЗ, БҰЛ МОТОРДЫ
БІРЖОЛА ЗАҚЫМДАУЫ МҮМКІН. Егер
мотор жұмыс істеуін тоқтатса, мотор негізін
желіден ажыратып, қайта пайдаланбас
бұрын бірнеше сағат суытыңыз. Magic
Bullet® құрылғысының қызып кеткенде
өшіретін ішкі жылу релесі бар. Жылу релесі
салқындағанда бастапқы күйіне келеді.
ЕГЕР ҚҰЛЫПТАУ РЕЖИМІНДЕ АЙҚАС
ЖҮЗ АЙНАЛУЫН ТОҚТАТСА, MAGIC
BULLET® ҚҰРЫЛҒЫСЫН ДЕРЕУ ЖЕЛІДЕН
АЖЫРАТЫҢЫЗ. Сәбіз немесе балдыркөк
сияқты қатты ингредиенттер айқас
жүзге тұрып қалып, айналуына кедергі
келтіруі мүмкін. Осындай жағдай орын
алса, MAGIC BULLET® ҚҰРЫЛҒЫСЫН
ДЕРЕУ ЖЕЛІДЕН АЖЫРАТЫҢЫЗ. Жүз/
20
19