Текст страницы
27
KZ
• Иірмекті (8) еттартқыш бастиегінің (7) корпусына
орнатыңыз.
• Крест тәрізді пышақты (9) орнатыңыз.
• Бір қажетті торды (10) таңдаңыз және оны пышақтың
үстінен, тордағы шығыңқыны еттартқыш бастиегі (7)
корпусындағы ойықтарға сәйкестендіріп орнатыңыз,
сомынды (11) қатайтып бұраңыз.
• Жұмыс істеу кезінде тек итергішті (5) пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Еттартқыш бастиегінің (7) астына сәйкес келетін
ыдысты қойыңыз.
• Еттартқышты қосыңыз және асықпай, еттартқыш
(7) бастиегіне итергіштің (5) көмегімен етті
итеріңіз.
• Жұмыс істеген кезде жеткізілім жиынтығына
кіретін итергішті (5) ғана пайдаланыңыз. Етті
немесе басқа өнімдерді итеру үшін аса көп күш
жұмсамаңыз.
• Етті қолмен немесе басқа заттармен итеруге
тыйым салынады.
• Егер жұмыс кезінде «кептеліс» пайда болса, оны
жою үшін реверс (шнектің кері айналуы) функци-
ясын пайдаланыңыз. Реверс режимін қосу үшін
жұмыс режимдерін ауыстырғышты (1) «O» күйіне
орнатып, еттартқышты өшіріңіз, содан кейін ауы-
стырғышты (1) «R» (реверс) күйіне басыңыз және
ұстап тұрыңыз (5 секундтан артық емес), бірнеше
секундтан кейін ауыстырғышты (1) босатыңыз.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін, еттартқышты ажыра-
тыңыз, ол үшін жұмыс режимдері ауыстырғышын
(1) «O» күйіне орнатыңыз, электр розеткасынан
қуаттандыру бауының ашасын суырып алыңыз,
содан кейін оны бөлшектеуге кірісіңіз.
ФАРШ ДАЙЫНДАУ
• Еттартқыштың бастиегін (7) орнату орнына (4)
салыңыз, бекіткіш батырмасын (3) басыңыз және
еттартқыштың бастиегін (7) сағат тіліне қарсы
бекітілгенге дейін бұраңыз.
• Пышақты (9) орнату кезінде пышақтың (9) кесетін
жиектері торға (10) бағытталғанын қадағалаңыз.
Егер пышақ дұрыс орнатылмаған болса, ол етті
тарту қызметін орындамайды.
• Ұсақ саңылаулары бар тор (10) шикі етті, сонымен
қатар пісірілген етті, балықты және т.с.с. өңдеуге
жарайды.
• Анағұрлым ірі саңылаулары бар тор (10) шикі етті,
балықты, көкөністерді, кептірілген жемістерді,
ірімшікті және т.б. өңдеуге жарайды.
• Еттартқыштың бастиегіне (7) өнімдерге арналған
астаушаны (6) орнатыңыз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз.
• Жұмыс режимдері (1) ауыстырғышын «ON» күйіне
орнатып, еттартқышты қосыңыз.
• Ұсыныстар:
-
Мұздатылған етті толық еріту қажет. Етті өңдеу
процесін жақсарту үшін оны жолақтармен
(20х20х60 мм) немесе текшелермен (20х20х20
мм) кесіңіз.