Текст страницы
34
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Буландырғышты пайдалану алдында пайдала-
нуға беру жөніндегі нұсқаулықпен жіті таны-
сыңыз, оқығаннан кейін болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
• Суқоймада су жоқ болған кезде буландырғышты
қосуға болмайды. Суқоймада су аяқталғаннан
кейін құралды өшіріп, оны электрлік желіден
ажырату керек.
• Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды үйжайлардан тыс жерде және жуынатын
бөлмеде пайдалануға тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құралды пайдалануға кеңес
берілмейді.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Құралды жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
лануға болмайды.
• Құралды асүй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
• Егер құрал суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады. Құралды тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында құралды пайдалануға тыйым
салынады.
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құралды дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян кел-
тіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы болып
табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауы «еуроайырмен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар
электрлік розеткаға қосыңыз. Қысқа тұйықталу
кезінде, жерге қосуы электр тоғы соққысы қаупін
төмендетеді.
• Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және жер-
ге қосуына сенімді болмасаңыз, электр маманына
жүгініңіз.
• Өрт шығу қаупін болдырмау үшін құралды электр
розеткасына қосу кезінде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
• Құралдың корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының айырын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.