Текст страницы
28
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА-
НУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
Аэрогрилді қолданар алдында пайдалану жөнінде-
гі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, оқыған-
нан кейін оны болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Аэрогриль корпусы артқы жағынан қабырғаға дейінгі
қашықтық кемінде 20-30 см, аэрогриль корпусының
бүйір бөліктерінен қашықтық кемінде 10-20 см, ал
аэрогрильдің үстіндегі бос орын кемінде 20 см болуы
тиіс.
• Әрқашан ыстық ауаны тартуға және шығаруға
арналған тордың жағдайын тексеріп отырыңыз, олай
болмаған жағдайда ыстық ауа айналымы бұзылады,
бұл өнімдерді әзірлеу барысына әсер етуі мүмкін
немесе құрылғының зақымдануына әкелуі мүмкін.
• Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға тыйым
салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсынылмай-
ды.
• Аэрогрильді соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Электр желісіне қосулы тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Аэрогрилді аэрозоль қолданылатын немесе
шашырататын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады.
• Аэрогрилді ас үй раковинасының жанында, ванна
бөлмесінде, бассейндердің жанында немесе су
толтырылған басқа сыйымдылықтардың жанында
пайдаланбаңыз
• Егер аэрогрил суға түсіп кетсе, қуат сымының ашасын
электр розеткасынан дереу суырып алыңыз, содан
кейін ғана құрылғыны судан шығарып алуға болады.
Құрылғыны тексеру немесе жөндеу үшін сервис орта-
лығына жүгініңіз.
• Аэрогрилді осы нұсқаулықта жазылғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Аэрогрилді дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына
әкеліп, пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруі мүмкін және кепілдік жағдайы болып табыл-
майды.
• Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс кернеуі,
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауының ашасын жерге қосудың
сенімді байланысы бар электр розеткасына са-
лыңыз.
• Құралды сыртқы таймерлерге немесе дистанци-
ондық басқаратын электрлік розеткаларға қосуға
тыйым салынады.
• Өрттің туындау қаупін болдырмау үшін аэрогрилді
электр розеткасына қосқан кезде «жалғасты-
рғыштарды» пайдалануға тыйым салынады.
• Аэрогрилді тегіс, құрғақ, тұрақты, ыстыққа төзімді
бетке орнатыңыз және қолданыңыз, осылайша
розеткаға кіру әрқашан бос болуы тиіс.
• Аэрогриль орнатылған бетте дақтардың пайда
болуын болдырмау үшін, аэрогрильді қосымша
ыстыққа төзімді түпқоймаға орнату ұсынылады.