Инструкция Samsung MG23T5018AE/BW

Күтім көрсету (стр. 106 из 192)

Бренд: Samsung

Страница 106 документа Samsung MG23T5018AE/BW. Раздел: Микроволновые печи. Бренд: Samsung.

Текст страницы

Күтім көрсету

Ауыстыру (жөндеу)

Тазалау

ЕСКЕРТУ

Микротолқынды пештің ішіне немесе үстіне қоқыс жиналып қалмау үшін микротолқынды пешті
мезгіл-мезгіл тазалаңыз. Сонымен қатар, есікке, есіктің тығыздағышына және бұрылмалы
табаққа және айналмалы шығырыққа (қолданылатын үлгілерге ғана қатысты) аса назар
аударыңыз.
Егер есік оңай ашылып немесе жабылмаса, әуелі есіктің тығыздағыштарына қоқыс тұрып
қалмағанын тексеріңіз. Микротолқынды пештің ішкі және сыртқы беттерін тазалау үшін жұмсақ
шүберек пен сабынды суды пайдаланыңыз. Шайыңыз да, мұқият құрғатыңыз.

Микротолқынды пештің ішіндегі иістенген, қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін

Бұл микротолқынды пештің ішінде пайдаланушы ағытып алуға болатын ешбір бөлшек жоқ.
Микротолқынды пешті өзіңіз жөндеуге немесе бөлшектерін ауыстыруға әрекеттенбеңіз.

Топсаларға, тығыздағышқа, және/немесе есікке қатысты мәселе туындаса, білікті техникке
немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласып, техникалық көмек
алыңыз.

Егер жарықтама шамын ауыстырғыңыз келсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Өзіңіз ауыстырмаңыз.

Егер микротолқынды пештің сыртқы корпусына қатысты мәселе туындаса, әуелі қуат
сымын қуат көзінен ағытып, содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету

Күтім көрсету

1.
Микротолқынды пеш бос тұрған кезде, бұрылмалы табақтың ортасына кесеге ерітілген
лимон шырынын қойыңыз.
2.
Микротолқынды пешті ең жоғары қуат деңгейіне қойып 10 минут қыздырыңыз.
3.
Цикл аяқталғаннан кейін микротолқынды пеш салқындағанша күтіңіз. Содан кейін, есікті
ашып, тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Егер микротолқынды пешті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қуат сымын ағытып, микротолқынды
пешті құрғақ, шаңы жоқ жерге қойыңыз. Микротолқынды пештің ішіне жиналып қалатын ылғал
және шаң микротолқынды пештің жұмысына әсер етуі мүмкін.


Есік пен есіктің тығыздағыштарын таза ұстаңыз және есіктің оңай ашылып жабылатынына
көз жеткізіңіз. Әйтпесе микротолқынды пештің қолданыс мерзімі қысқаруы мүмкін.

Микротолқынды пештің саңылауларына су шашыратпау үшін абай болыңыз.

Тазалау үшін жеміргіш немесе химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Микротолқынды пешті әр қолданып болған сайын микротолқынды пеш салқындағанша
күтіп, жұмсақ жуғыш затты пайдаланып тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.

10 Қазақ

MG23T5018AK_BW_DE68-04594L-00_KK_F.indd 10
2020-07-09 오후 1:31:17

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

DEXP EC-70

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

DEXP MW20-B02E

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

DEXP MW20-B02E

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

Gastrorag WD90023SLB7

8 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

HARPER HMW-20ST02

60 стр.