Текст страницы
5
Пайдаланушы нұсқаулығы Су резервуарын толтыру
1.Үтіктің желіден ажыратылғанына көз жеткізіңіз. 2.Температура реттегішін «0»-ге қойыңыз. 3.Резервуардың қақпағын ашып, өлшеуіш стаканның көмегімен «MAX» белгісіне дейін су құйыңыз.
Ұсынылатын температура
Минималды қыздыру дәрежесі; нейлоннан, жібектен жасалған бұйымдарға қолайлы Орташа қыздыру дәрежесі; жүннен жасалған бұйымдар үшін қолайлы Максималды қыздыру дәрежесі; мақта және зығырдан жасалған бұйымдар үшін қолайлы
Құрғақ үтіктеу
1.Үтіктеуге кіріспес бұрын, барлық бұйымдарды матаның түріне қарай сұрыптаңыз.
Үтіктеуді төмен температураны қажет ететін маталардан бастауды ұсынамыз
(синтетикалық маталар, жібек және т. б.), содан кейін жоғары температураны қажет ететін маталарға көшу керек (жүн, мақта, зығыр және т. б.). 2.Үтікті тік күйге қойып, электр желісіне қосыңыз.3.Қажетті қыздыру температурасын орнатыңыз. 4.Қажетті температураға дейін қыздырғаннан кейін жарық индикаторы өшеді және сіз үтіктеуге кірісе аласыз. Ескерту: құрғақ үтіктеу кезінде бу беру реттегішін жұмыс жағдайына бұрмаңыз.
Бумен үтіктеу
1.Резервуарға су құйыңыз. 2.Үтікті тігінен қойып, электр желісіне қосыңыз. 3.Температура реттегішін максималды белгіге орнатыңыз. Әйтпесе, су буға айнала алмайды. 4.Жарық индикаторының сөнгенін күтіңіз. 5.Бу беру реттегішін қажетті жағдайға қойыңыз.
Ескерту: үтіктің табанын зақымдамау үшін бұл режимді синтетикалық маталарды, нейлонды, табиғи және жасанды жібекті үтіктеу үшін пайдалану ұсынылмайды.Автоөшіру
•Егер жұмыс істеп тұрған үтікті көлденең немесе бүйірде қалдырсаңыз, ол шамамен 30 секундтан кейін автоматты түрде өшеді. •Егер жұмыс істеп тұрған үтікті тік күйінде қалдырсаңыз, ол шамамен 8 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.