Текст страницы
27 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА-НУҒА БЕРУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР Шайнекті пайдалану алдында пайдалану нұсқа-улығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
- Электрлік шайнекті осы нұсқаулықта көрсетілгендей тікелей мақсатына бойынша ғана пайдаланыңыз.
- Шайнекті дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы болып саналмайды.
- Шайнек ішуге арналған суды ғана қыздыруға және қайнатуға арналған, қандай да бір басқа сұй-ықтықтарды қыздыруға немесе қайнатуға тыйым салынады.
- Заттаңбада көрсетілген электрлік шайнектің жұмыс кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз жеткізіңіз.
- Қуаттандыру бауы айырының тұйықтандыру байланысы бар,
- оны тұйықтандырудың сенімді байланысы бар электрлік розеткаға қосыңыз. Қысқа матасу кезінде тұйықтандыру электрлік ток соғу қаупін төмендетеді.
- Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және жер-ге қосуына сенімді болмасаңыз, электр маманына хабарласыңыз.
- Өрттің шығуын болдырмау үшін жерге қосу түйісуі жоқ электр розеткасына қосуға арналған, желілік айыр «өткізгіштерін» пайдалануға тыйым салынады.
- Күйік иісі және от ұшқыны пайда болған кезде, ро-зеткадан желі бауының айырын шығарыңыз және үйдің электр желісіне қызмет көрсететін ұйымға хабарласыңыз.
- Шайнек корпусынан түтін шыққан кезде қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткадан шығарыңыз және от таралмауға қатысты шараларды қолданыңыз.
- Электрлік шайнекті үй-жайдан тыс жерде пайдалануға тыйым салынады.
- Найзағай кезінде құралды пайдалануға кеңес берілмейді.
- Шайнек құтысына бөгде заттарды қоймаңыз.
- Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
- Желіге қосулы тұрған электрлік шайнекті қараусыз қалдырмаңыз.
- Электрлік шайнекті ас үй раковинасына жақын, жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде пайдалануға болмайды.
- Электрлік шайнекті жылытатын аспаптардың, ашық оттың немесе жылу көздерінің тікелей қасында пайдалануға болмайды.