Текст страницы
краннан ыстық су құймаңыз. Кранды ашыңыз және
оның таза екендігіне көз жеткізу үшін бірнеше секунд
бойы суды ағыза тұрыңыз.
- Шәйнекке суды құйыңыз. Судың деңгейін бақылаңыз.
- Шәйнекке толтырып су құймаңыз. Абайлаңыз: суды
толтырып құйған кезде, су шәйнектің шүмегі арқылы
төгілуі мүмкін.
- Қақпақты сырт еткізіп жабыңыз. Қақпақ тығыз
жабылмаған кезде, шәйнек қосылмауы мүмкін.
- Аспапты электрлік қуат беру желісіне қосыңыз. Қосу
тетігін «Қосылды» күйіне түсіріңіз. Қосу тетігінің жарық
индикаторы жанады. Су қайнағаннан кейін, шәйнек
автоматты түрде сөнеді. Тетік жарығы сөнеді және тетік
бастапқы «Сөндірілді» күйіне көтеріледі.
- Шәйнектен қайнаған суды құяр алдында, судың
бұрқылдағанының тоқтағанын күтіңіз. Суды қайта
қайнату үшін айырғышты «Қосылды» күйіне
ауыстырыңыз. Су қайнағаннан кейін бірнеше секунд
бойы айырғыш бірден іске қосылмайды. Айырғышты
«Қосылды» күйінде мәжбүрлеп ұстап тұрмаңыз!
Айырғыштың «Сөндірілді» күйіне бұрылуы арқылы
қайнату кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін.
- Шәйнекті тұтқасынан ұстап тұрып, оны қуат беру
негізінен тігінен көтеріп алыңыз. Шәйнекті қуат беру
негізінен көтеріп алған кезде, негіздің үстіңгі бетінде
конденсат көрінуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және
ақаулық болып табылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Ыстық судың төгілуіне жол бермеу үшін шәйнекті қуат
беру негізінің үстінде бұрмаңыз! Шәйнекті қуат беру
негізінен алар алдында, оның сөндірулі екендігіне
көз жеткізіңіз! Су қайнап жатқан кезде, шәйнектің
қақпағын ашпаңыз!
СУСЫЗ ҚОСЫЛУДАН ҚОРҒАУ
Шәйнек кездейсоқ сусыз қосу кезінде немесе су
жеткіліксіз болғанда оны автоматты айыру жүйесімен
жабдықталған. Қорғаныш іске қосылған кезде, шәйнекті
электрлік қуат беру розеткасынан ажыратыңыз және
оның 15 минут бойы сууына мүмкіндік беріңіз. Одан
кейін шәйнекті пайдалануды жалғастыруға болады.
Қорғаныш іске қосылған кезде, жағымсыз иіс шығуы
мүмкін.
11