Текст страницы
Ауа сорғы ауыр, сондықтан оны кемінде екі адам тасымалдауы жəне монтаждауы тиіс. Монтаждауды бастамас бұрын:
Бұйымның өлшемі бойынша монтаждалатын жерге сəйкес келетінін тексеріңіз.
Егер ауа сорғысы жиынтығында көмір сүзгілері (көмір сүзгісі) (*) бар болса, оны ауыстырыңыз (тиісті бөлімді
қараңыз). Егер ауа сорғыны қайта айналдыру режимінде қолданатын болсаңыз, көмір сүзгілерін (көмір сүзгісін)
орнатыңыз.
Ауа сорғының ішінде тасымалдау кезінде еніп кетуі мүмкін қандай да бір заттардың бар-жоғын тексеріңіз,
мысалы, бұрандалары бар пакет (*), кепілдік парағы (*) жəне егер бар болса, міндетті түрде алыңыз.
Монтаждалатын жердегі қабырғаға немесе төбеге еркін қатынауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше плитаны
электр желісінен ажыратыңыз жəне ысырып қойыңыз немесе пісіру бетін үстел бетінен шығарып алыңыз.
Егер бұл мүмкін болмаса, плитаны немесе пісіру бетін бұзылулардан қорғау үшін қалың материалмен жабыңыз.
Ауа сорғыны құрастыруды тегіс бетте жүргізіңіз. Бетін қорғайтын материалмен жабыңыз жəне ауа сорғының
бөлшектері мен бекіту бөлшектерін шығарып қойыңыз.
Ауа сорғыны монтаждайтын жерде монтаждау аяқталғаннан кейін еркін қатынауды қамтамасыз ететін
розетканың бар жоғын жəне шығарылған ауаны бұруға арналған каналға жалғануын тексеріңіз.
Қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаңыз (розетканы орнату, шығаратын шлангқа арналған саңылауды
жасау).
Ауа сорғыны түрлі қабырғалар мен төбеге бекіту үшін дюбельдер ұсынылады. Монтаждауды бастамас бұрын
білікті маман қабырға беті мен төбенің сəйкестігін тексеруі тиіс. Қабырға немесе төбе аспап салмағына шыдау
үшін берік болуы тиіс. Ауа сорғыны қабырғаға сұйық шегенің, силиконның жəне т.б. Көмегімен бекітпеңіз.
Аспап тек ілінетін монтаждауға арналған.
Өнiм сапасына қойылатын талаптарды мына мекен-жай бойынша жiберуiңiздi сұраймыз:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бегалин қ. 19\49, Пр-во «Gorenje», тел 8 (727) 293 03 07
Претензии по качеству продукции направлять по адресу: Республика Казахстан,
г. Алматы, ул. Бегалина, дом 19\49, Пр-во «Gorenje» 8 (727) 293 03 07
Қытайда жасалған
1
4
4
4
16