Текст страницы
Сымды пернетақта DEXP Anger TKL
Пайдалану бойынша нұсқаулық Құрметті сатып алушы!
Біздің өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Біз Сізге сапалы, функционалды және жоғары талаптарға сәйкес әзірленген және
жасалған өнімдер мен құрылғыларды ұсынуға қуаныштымыз. Пайдалануды бастамас
бұрын, Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпаратты, сондай-ақ өнімді дұрыс
пайдалану және оған күтім жасау бойынша ұсыныстарды қамтитын осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Осы Нұсқаулықтың сақталуына назар аударыңыз және оны
өнімді одан әрі пайдалану кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланыңыз.
Құрылғының мақсаты
Пернетақта - бұл мәтінді басуға және компьютерге пәрмендерді беруге арналған іске
қосудың құрылғысы. Ойын пернетақтасында компьютерлік ойындарды сүйетіндердің
әрқайсысына маңызды болып келетін жоғары жайлылыққа және тозу беріктігіне ие.
Түймелердің қысқаша атауларының толық жазылуы*
PS: Print Screen.
SL: Scroll Lock.
PB: Pause/Break.
INS: Insert.
HM: Home.
PU: Page Up.
DEL: Delete.
PD: Page Down.
NUM: Num Lock.
*DEXP желісінің барлық модельдерінде болмайды. Түйменің жарықтану түрлерін ауыстыру
Сіздің жаңа DEXP пернетақтаңызда 8 бірегей жарықтандыру режимі бар.
• Жарықтандыру жылдамдығын өзгерту үшін FN+солға/оңға басыңыз.
• Жарықтандырудың ашықтығын өзгерту үшін FN+жоғары/төмен басыңыз.
• Жарықтандырудың ойын режимдері арасында аусытыру үшін FN+1-5 басыңыз.
• Жарықтандырудың режимдерін ауыстыру үшін FN+Ins, FN+Hm, FN+Pu, FN+Del, FN+Pd
басыңыз.
Windows түймелерін бұғаттау
WINDOWS түймелерін бұғаттау қажет болған жағдайда FN+WIN түймесін басыңыз, және оны бұғаттан алу үшін оны қайталап басыңыз. Мультимедиа түймелер
Сіз музыканың дауысын/ойнауын басқара аласыз, сонымен қатар пошта, браузер және
калькулятор сияқты бағдарламаларды тез аша аласыз. Ол үшін FN+F1/F2/F3/F4/F5/F6/
F7/F8/F9/F10/F11/F12 түймелер тіркесімдерін қолданыңыз (F түймелері тиісті белгіше
лермен белгіленген).
Сақтық шаралары
- Құрылғының құрылымына ешқандай өзгерістер енгізбеңіз.
- Қысқа тұйықталуды болдырмау үшін құрылғының кез келген сұйықтықпен жанасуын
болдырмаңыз, оның жанына сұйықтық құйылған ашық ыдыстарды қоймаңыз.
3. Құрылғыны электрмагниттік сәулелену әсеріне ұшыратпаңыз.
3