Текст страницы
Кепілдік талоны
SN/IMEI:
Кепілдікке қойылған күні:
Өндіруші бүкіл кепілдік мерзімі ішінде құрылғының үздіксіз жұмыс істеуіне, сон-
дай-ақ материалдар мен жинақтарда ақаулардың болмауына кепілдік береді.
Кепілдік кезеңі бұйымды сатып алған сәттен басталады және тек қана жаңа
өнімдерге қолданылады.
Кепілдік қызмет көрсетуге пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес бұйымды пайда-
лану шартымен кепілдік мерзімі ішінде тұтынушының кесірінен істен шықпаған
элементтерді тегін жөндеу немесе ауыстыру кіреді. Элементтерді жөндеу неме-
се ауыстыру уәкілетті сервистік орталықтардың аумағында жүргізіледі.
Кепілдік және пайдалану мерзімі өнімнің қаптамасында көрсетілген.
Сервистік орталықтардың өзекті тізімі келесі мекенжай бойынша:
https://www.dns-shop.kz/service-center/
Кепілдік міндеттемелер және тегін сервистік қызмет көрсету, егер олар-
ды ауыстыру бұйымды бөлшектеуге байланысты болмаса, тауардың жиын-
тықтылығына кіретін, төменде аталған керек-жарақтарға қолданылмайды:
• ҚБП (Қашықтан басқару пультіне) арналған қуат элементтері (батареялар).
• Жалғағыш кәбілдер, антенналар және оларға арналған жалғастырғыш
тетіктер, құлаққаптар, микрофондар, «HANDS-FREE» құрылғылары; жиын-
тықта жеткізілетін әртүрлі типтегі ақпарат тасымалдағыштар, бағдарлама-
лық құрал (БҚ) және драйверлер (бұйымның қатты магниттік дискілерде-
гі жинақтағышқа алдын ала орнатылған БҚ-ны қоса алғанда, бірақ онымен
шектелмей), сыртқы енгізу-шығару құрылғылары және манипуляторлар.
• Қаптар, сөмкелер, белдіктер, тасымалдауға арналған баулар, монтаждық
керек-жарақтар, құрал-саймандар, бұйымға қоса берілетін құжаттама.
• Табиғи тозуға ұшырайтын шығын материалдары мен бөлшектер.