Текст страницы
1. МАҚСАТЫ
Аккумуляторлы бұрағыш қара және түсті металдарды, ағаш және оның не-
гізінде жасалған туынды материалдарды (фанера, ДСП, OSB, МДФ және тағы
басқа) пластиктерге тесік бұрғылауға, және кірпіш, тасқа бекіткіштерді орнату үшін
соққылы бұрғылауға арналған құрал.
Қолдану мысалы ретінде әрлеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу, жеңіл жаб-
дықтарды орнату, жиһаздарды құрастыру, асүйлерді орнату, оны шеберханада
және үйде пайдалану сияқты қолданыстарды айтуға болады.
2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Жұмыс орны
- Жұмыс орны таза және жақсы жарықтандырылған болуы керек. Лас жұмыс
орны және нашар жарық жарақатқа әкелуі мүмкін.
- Жарылыс қаупі жоғары бөлмеде, жанғыш сұйықтықтардың, газдардың және
шаңның жанында құралмен жұмыс жасамаңыз. Электр құралдары жұмыс кезінде
жарылғыш шаңды немесе газды тұтандыратын ұшқындарды тудырады.
- Жұмыс орнына балаларды, бөгде адамдар мен жануарларды жақындат-
паңыз.
- Құралмен жұмыс істеу кезінде алаңдамаңыз.
Электр қауіпсіздігі
- Аккумуляторлы батарея зарядтағышының ашасы қабырғадағы розеткаға сәй-
кес келуі керек. Құралдың кернеуі шығыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Құралды жаңбырға немесе ылғалға ұшыратпаңыз. Ылғал құрал электр тоғы-
ның соғу қаупін арттырады.
- Қуат сымынан тартып зарядтағышты розеткадан ажыратпаңыз немесе заряд-
тағышты қуат сымынан ұстап алып жүрмеңіз, себебі ол зақымдалады.
- Қуат кабелінің шатаспағанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын қыздырғыштарға, өт-
кір жиектерге, майға немесе оны зақымдауы мүмкін қозғалмалы бөліктерге жақын
қоймаңыз.
- Электр құралымен жұмыс істегенде тұрақты күйде болыңыз. Баспалдақты
(сатыны) пайдаланған кезде оның сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Мүмкін бол-
са, Сізді сақтандыра алатын көмекшімен жұмыс жасаңыз.
- Тиісті түрде киініңіз. Кең киім немесе зергерлік бұйымдар кимеңіз. Шашыңыз,
киіміңіз және қолғаптарыңыз құралдың айналмалы бөліктерінен қауіпсіз
қашықтықта болуы керек.
- Құрал шаң жинағыш қосылыстармен жабдықталған болса, оларды пайдала-
ныңыз. Бұл шаңның көп болуымен байланысты жарақат алу қаупін азайтуға көмек-
теседі, сонымен қатар электр құралымен жұмыс істеу кезінде дәлдікті арттырады.
Аккумулятор құралдарының қауіпсіздік нұсқаулары
- Егер электр құралымен жұмыс істеу кезінде кескіш құралдың жасырын сымдар-
мен жанасу қаупі болса, құралды арнайы оқшауланған бөліктерінен ұстаңыз.
- Құралмен жұмыс істеу кезінде тұрақты күйде болыңыз.
- Биіктікте жұмыс істегенде, төменде адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
- Қолдар айналмалы бөліктерден қауіпсіз қашықтықта болуы керек.
- Бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден тескіш тетік пен бөлшектерге
қол тигізбеңіз, олар өте ыстық болуы мүмкін.
- Жұмыс саптамаларын (бұрғылар, биталар) мақсатына сай қолданыңыз.
- Электр құралының максималды өнімділігінен асырмаңыз.
- Аккумутор блогын бөлшектемеңіз.
- Егер аккумулятор блогының жұмыс уақыты айтарлықтай қысқарса, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Әйтпесе, блоктың қызып кетуі мүмкін, бұл күйікке немесе тіпті
жарылысқа әкелуі мүмкін.
- Аккумулятор блогын құлатып немесе ұрып алмаңыз
- Аккумутор блогының контактілерін бір-бірімен тұйықтамаңыз.
- Аккумутор блогы контактілерін тұйықтауы мүмкін металл заттармен бірге
сақтамаңыз.
- Аккумутор блогына судың немесе жаңбырдың тиюіне жол бермеңіз.
- Аккумутор блогын температурасы 50°C-қа жететін жерлерде сақтамаңыз.
- Аккумутор блогын отқа тастамаңыз. Ол жарылуы мүмкін.
- Аккумутор блогын тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қолданыстағы өн-
дірістік қалдықтарды жою ережелеріне сәйкес аккумуляторды кәдеге жаратыңыз.
Жеке қауіпсіздік
- Шаршаған, мас күйде немесе зейінді төмендететін дәрі-дәрмектерді қабыл-
дағаннан кейін электр құралымен жұмыс жасамаңыз.
- Жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз (көзілдірік, құлаққап, респиратор,
қорғаныш аяқ киімі мен киім).
- Құралды кездейсоқ қосылуына жол бермеңіз. Аккумуляторды қоспас бұрын
құрал қосқышы өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз.
- Электр құралын қуат көзіне қоспас бұрын, барлық реттеу құралдары мен кілт-
терді алып тастаңыз. Құралды қосқан кезде құралда қалған реттеу құралы мен
кілттер жарақатқа әкелуі мүмкін.
44
45