Текст страницы
Аккумуляторды шығарып алу үшін аккумулятордың алдыңғы шетіндегі босату
түймесін басыңыз.
Қуат түймесі
Аккумуляторды құралға орнатпас бұрын, әрқашан бастау түймесі дұрыс жұ-
мыс істеп тұрғанын және босатылғанда «Өшірулі» күйіне оралатынын тексеріңіз.
Құралды қосу үшін «бастау» түймесін басыңыз. Аспап патронының айналу жыл-
дамдығы «бастау» түймесінің жүрісі (басу тереңдігі) артқан сайын артады. Құрал-
ды тоқтату үшін бастау түймесін босатыңыз.
Айналу бағытын ауыстыру қосқышы (реверс)
Құралда айналу бағытының қосқышы бар (алға және кері айналдыру). Патрон-
ды тура айналдыру үшін (сағат тілімен) ауыстырып-қосқышты сол жаққа, қара-
ма-қарсы бағытта (кері, сағат тіліне қарсы) оң жаққа жылжытыңыз.
Айналу бағытының қосқышы бейтарап күйде (ортада) болғанда, бастау түй-
месі құлыпталады.
Назар аударыңыз!
- Жұмыс алдында әрқашан ай-
налу бағытын тексеріңіз.
- Ауыстырғышты аспап патро-
ны толығымен тоқтағаннан кейін
ғана іске қосыңыз. Құралды то-
лығымен тоқтатқанға дейін айналу
бағытын өзгерту оның зақымда-
луына әкелуі мүмкін.
Айналу жылдамдығын ауыстыру қосқышы
Құрал өшірілген кезде аспап патронының айналу жылдамдығын өзгерту үшін
айналу жылдамдығын таңдау тетігін жоғары жылдамдық үшін «2» күйіне немесе
төмен жылдамдық үшін «1» күйіне жылжытыңыз. Жұмыс жасамас бұрын жылдам-
дықты ауыстыру тұтқасы тиісті күйге орнатылғанына көз жеткізіңіз..
«1» позициясында патрон төмен жылдамдықпен және жоғары айналу мо-
ментімен айналады. Бұл жылдамдық бекіткіштерді орнату және үлкен диаметрлі
тесіктерді (8 мм немесе одан да көп) бұрғылау үшін қолданылады.
«2» позициясы саңылауларды бұрғылау және шағын бекіткіштерді орнату үшін
қолданылады («1» позициясынан 3,6 есе аз).
Назар аударыңыз!
- Әрқашан жылдамдық қосқышын толығымен дұрыс орынға жылжытыңыз.
Жылдамдық қосқышы «1» мен «2» арасында жарты жолда орналасса, құрал жұ-
мыс кезінде зақымдалуы мүмкін .
- Құрал жұмыс істеп тұрған кезде жылдамдық қосқышын пайдаланбаңыз. Бұл
құралды зақымдауы мүмкін.
45