Текст страницы
Кепілдік талоны
SN/IMEI:
Кепілдікке қойылған күні:
Өндіруші бүкіл кепілдік мерзімі ішінде құрылғының үздіксіз жұмыс істеуіне, сондай-ақ материалдар
мен жинақтарда ақаулардың болмауына кепілдік береді. Кепілдік кезеңі бұйымды сатып алған сәт
тен басталады және тек қана жаңа өнімдерге қолданылады.
Кепілдік қызмет көрсетуге пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес бұйымды пайдалану шартымен кеп
ілдік мерзімі ішінде тұтынушының кесірінен істен шықпаған элементтерді тегін жөндеу немесе ауы
стыру кіреді. Элементтерді жөндеу немесе ауыстыру уәкілетті сервистік орталықтардың аумағында
жүргізіледі.
Кепілдік мерзімі: 3 жыл.
Пайдалану мерзімі: 10 жыл.
Сервистік орталықтардың өзекті тізімі келесі мекенжай бойынша:
https://www.dns-shop.kz/service-center/
Кепілдік міндеттемелер және тегін сервистік қызмет көрсету, егер оларды ауыстыру бұйымды бөл
шектеуге байланысты болмаса, тауардың жиынтықтылығына кіретін, төменде аталған керек-жа
рақтарға қолданылмайды:
•
ҚБП (Қашықтан басқару пультіне) арналған қуат элементтері (батареялар).
•
Жалғағыш кабельдер, антенналар және оларға арналған жалғастырғыш тетіктер, құлаққаптар,
микрофондар, «HANDS-FREE» құрылғылары; жиынтықта жеткізілетін әртүрлі типтегі ақпарат
тасымалдағыштар, бағдарламалық құрал (БҚ) және драйверлер (бұйымның қатты магниттік
дискілердегі жинақтағышқа алдын ала орнатылған БҚ-ны қоса алғанда, бірақ онымен шектел
мей), сыртқы енгізу-шығару құрылғылары және манипуляторлар.
•
Қаптар, сөмкелер, белдіктер, тасымалдауға арналған баулар, монтаждық керек-жарақтар,
құрал-саймандар, бұйымға қоса берілетін құжаттама.
•
Табиғи тозуға ұшырайтын шығын материалдары мен бөлшектер.