Инструкция электрическая цепная пила Patriot ESP 1614 шина - 35 см(14")

Страница 28 (стр. 28 из 32)

Бренд: Patriot

Страница 28 документа Электрическая цепная пила Patriot ESP 1614 шина - 35 см(14"). Раздел: Электрические пилы. Бренд: Patriot.

Текст страницы

ШЫНЖЫРЛЫ ЭЛЕКТРЛІ АРАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ / ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНЕН КЕҢЕСТЕР

ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНЕН КЕҢЕСТЕР

ШЫНЖЫРЛЫ ЭЛЕКТРЛІ АРАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТУ

1-ӘРЕКЕТ. ІСКЕ ҚОСУ. Бактағы шынжыр майының деңгейін үнемі
тексеріп отырыңыз. Қажет болса, PATRIOT шынжыр майын май-
лау багының аузына шынжыр майын құйыңыз. Әрдайым май
деңгейін ең аз деңгей белгісінен жоғары болсын. Араны майла-
май, жұмысты бастамаңыз.

2-ӘРЕКЕТ. ІСКЕ ҚОСУ. Электрлі араны желіге қосыңыз. Шын-
жыр тежегішін алдыңғы тұтқаға қарай тартып, шынжыр тежегіші
жұмыссыз күйде тұрғандығына көзіңізді жеткізіңіз. Егер шынжыр
тежегіші иілген күйде болса, онда электрлі ара қосылмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың автоматты түрде
майлану жүйесі бар. Майлаусыз аралау шынжы-
ры, шина, жетекші жұлдызша қызып кетеді де, істен
шығады. Мұндай жағдайларда кепілдік жұмыстары
жүргізілмейді.

3-ӘРЕКЕТ. ІСКЕ ҚОСУ. Араны екі қолыңызбен ұстаңыз. Араның
артқы тұтқасындағы блокираторды тартып, қосу батырмасына
басыңыз. Араның қозғалтқышы іске қосылып, шынжыр қатты
жылдамдықта айналуы керек.

1-ӘРЕКЕТ. ТОҚТАТУ. Қосу батырмасын жіберіңіз. Аралау шынжы-
ры тоқтайды. Инерция бойынша қозғалтқыш тоқтайды. Электрлі
қозғалтқыш толығымен тоқтамай, қосу батырмасын баспаңыз.

2-ӘРЕКЕТ. ТОҚТАТУ. Электрлі араны желіден ажыратып тастаңыз.

Дайындамаларды аралау
Аралайтын дайындаманы аралаған кезде жылжымайтындай етіп
бекітіңіз.
Айтарлықтай терең аралаған кезде араланатын бөліктер бір-
біріне қатысты орын ауыстыра бастайтынын назарға алыңыз.
Шынжырдың қысылуының алдын-алу үшін араланған бөліктің
жылжымайтын бөліктен иілу мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз.

Жерде аралаған кезде аралайтын орынның астына тіреуіш
қойыңыз;

Тағандарда аралаған кезде қысқа бөлігін салмағына ұарай
орналастырыңыз;

Өте қалың немесе өте қатты дайындаманы аралаған кез-
де қалыңдығы 1/3 дейін терең етіп орын жасаңыз да, дай-
ындаманы ось айналасымен толықтай аралап біткенше
айналдырыңыз.
Бұтақтарды аралау
Керілмеген бұтақтарды аралаған кезде алдымен бұтақ құлап
түсетін жерінен бастап аралау керек. Содан кейін қарама-қарсы
жағынан аралау қажет. Жіңішке бұтақты аралаған кезде қиюлары
сәйкес келуі мүмкін, қалың бұтақтарды аралаған кезде міндетті
түрде жылжып кетеді.
Керілген бұтақтарды аралаған кезде алдымен иілген жерінің ішкі
жағынан (қалыңдығы 1/3 аспайтын тереңдікке) бастау керек, со-
дан соң сыртқы жағын аралайды.

28

Садовая техника / Техника для сада / Цепные пилы, оснастка / Электрические пилы

Worx WG307E

102 стр.
Садовая техника / Техника для сада / Цепные пилы, оснастка / Электрические пилы

Worx WG307E

102 стр.