Инструкция электрическая плита DARINA 2616X

! (стр. 28 из 32)

Бренд: DARINA

Страница 28 документа Электрическая плита DARINA 2616X. Раздел: Плиты электрические. Бренд: DARINA.

Текст страницы

ыдыссыз максималды қуатта 5 минут бойы қыздырып, бөлме температурасына дейін салқындатыңыз.
■ Сұйықтықты қайнау күйіне жеткізіп, қақпақты алып тастауға немесе жылжытуға мəжбүрлемейтін
минималды режимді орнатыңыз. Түбі қалың ыдысты пайдалануды ұсынамыз.

17.2. ҚЫЗДЫРУ ШКАФЫН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША

■ Алғаш пайдалану алдында келесі тармақтарды орындау керек:
- қыздыру шкафын жəне керек-жарақтардың барлық жинағын (таба, түпқойма жəне тор) жылы
сабынды ерітіндімен жуу керек, кейін таза күйге дейін сүртіп, кептіру керек.
- консервациялық материалдарды тазарту үшін жəне бұйымды сақтау жəне тасымалдау кезінде
жиналуы мүмкін ылғалды қыздырғыш элементтерден буландыру үшін, қыздырғыштар толық
қуатпен жұмыс жасаған кезде, бос қыздыру шкафын 30 минут бойы жылыту керек. Осы кезде
бөлмеде олардың жануынан иіс пайда болуы мүмкін. Желкөзді ашып, бөлмені желдетіңіз.
■ Əзірлеу барысында табаның тордың ортасында орнатылғандығын, артқы немесе бүйірлік
қабырғаларға тірелмейтіндігін қадағалаңыз. Қыздыру шкафынан барлық артық заттарды (табалар,
кəстрөлдер, пісіруге арналған қалыптар жəне т.б.) алып тастаңыз. Осы ереженің сақталмауы жылу
ағындары айналымының бұзылуына алып келуі жəне пісірмені бүлдіруі мүмкін.
■ Егер рецептіде айрықша нұсқаулар болмаса, онда əзірленетін тағам қыздыру шкафына
орнатылғанға дейін оны пісіру температурасында 10 минут бойы жылыту керек.
■ Əдетте қыздыру шкафында пісіру үшін (180...220)°С шектеріндегі температура пайдаланылады.

18. ПЛИТАҒА КҮТІМ ЖАСАУ

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жуу алдында, плитаны міндетті түрде электр желісінен сөндіріңіз.

!

18.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
■ Плитаны таза күйінде сақтаңыз. Бұл тағамды дəмді қылып, əзірлеу үрдісі Сізге лəззат сыйлайды,
ал плита ұзақ уақыт қызмет етеді.
■ Бумен тазалауды пайдалануға болмайды.
Тазарту кезінде келесі құралдарды пайдалануға болмайды:
■ Абразивті материалдар (қатты ұсақ кеуекті заттектер).
■ Плита бетін қайтарымсыз зақымдауы мүмкін, құм, сода, қышқыл жəне басқа агрессиялық
компоненттер құрамына кіретін тазартқыш құралдар.
■ Дақтарды кетіру үшін қатты ысқыштар, металл жөкелер немесе пышақ жəне басқа қатты заттар.
Тазарту үшін келесі құралдарды пайдалануды ұсынамыз:
■ Жұмсақ мата, микрофибрадан жасалған жұмсақ майлықтар.
■ Жоғарыда аталған заттектер құрамына кірмейтін, арнайы жуу құралдары, ыдысқа арналған
сұйық жуу құралдары.
Пайдалы кеңестер:
■ Төзімді жəне ескі қатайған дақтарды алдын ала сулап, осыдан кейін құрғақ майлықпен сүрту
керек.
■ Майды арнайы құралдың шамалы мөлшері қосылған жылы су көмегімен жууға болады.
■ Жанарғыларды тазарту немесе плита үстелін жуу үшін, жанарғыларды шешуге болады.
■ Ластанған жəне дымқыл разрядтағыштар жұмыс жасамауы мүмкін. Үстелді жəне керамикалық
разрядтағыштарды тазарту кезінде абай болыңыз. Сынған разрядтағыш жөнделмейді, оны
ауыстыру керек.
■ Духовканы пайдаланғаннан кейін оны жуу құралы қосылған жылы сумен жуып, таза болғанша
сүртіп, кептіру керек. Май тазалауға арналған арнайы аэрозольді құралды пайдалануға болады.
■ Қыздыру шкафын ол жылы болғанда жуу айтарлықтай жеңілірек. Жабысқан дақтарды дымқыл
шүберекпен сулап, тазартқыш құрал көмегімен тазалау керек.

18.2. ЭМАЛЬ ЖАБЫНЫ БАР БӨЛШЕКТЕРГЕ ЖƏНЕ СЫРЛАНҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ
ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
■ Плита үстелі мен пештің іші силикат эмальмен жабылған. «Silver» түсті тақталардан басқа
басқару панелі силикат эмальмен қапталған. Плиталардың қалған бөлшектері мен «Silver» түсті
плиталардағы басқару панелі боялған.
■ Тазартқыш құралдарды пайдалану алдында жабын төзімділігін жасырын жерде шағын бөлікте
тексеру керек.

Пайдалану бойынша нұсқаулық EM341 00 000 РЭ U KZ
25

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP E35-2

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP E35-2

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP EC50-M01D

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP EC50-M01D

24 стр.