Инструкция электрическая плита DARINA 33 606 At

! (стр. 28 из 32)

Бренд: DARINA

Страница 28 документа Электрическая плита DARINA 33 606 At. Раздел: Плиты электрические. Бренд: DARINA.

Текст страницы

18. ПЛИТАҒА КҮТІМ ЖАСАУ

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жуу алдында, плитаны міндетті түрде электр желісінен сөндіріңіз.

!

18.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
■ Плитаны таза күйінде сақтаңыз. Бұл тағамды дəмді қылып, əзірлеу үрдісі Сізге лəззат сыйлайды,
ал плита ұзақ уақыт қызмет етеді.
■ Бумен тазалауды пайдалануға болмайды.
Тазарту кезінде келесі құралдарды пайдалануға болмайды:
■ Абразивті материалдар (қатты ұсақ кеуекті заттектер).
■ Плита бетін қайтарымсыз зақымдауы мүмкін, құм, сода, қышқыл жəне басқа агрессиялық
компоненттер құрамына кіретін тазартқыш құралдар.
■ Дақтарды кетіру үшін қатты ысқыштар, металл жөкелер немесе пышақ жəне басқа қатты заттар.
Тазарту үшін келесі құралдарды пайдалануды ұсынамыз:
■ Жұмсақ мата, микрофибрадан жасалған жұмсақ майлықтар.
■ Жоғарыда аталған заттектер құрамына кірмейтін, арнайы жуу құралдары, ыдысқа арналған
сұйық жуу құралдары.
Пайдалы кеңестер:
■ Төзімді жəне ескі қатайған дақтарды алдын ала сулап, осыдан кейін құрғақ майлықпен сүрту
керек.
■ Майды арнайы құралдың шамалы мөлшері қосылған жылы су көмегімен жууға болады.
■ Жанарғыларды тазарту немесе плита үстелін жуу үшін, жанарғыларды шешуге болады.
■ Ластанған жəне дымқыл разрядтағыштар жұмыс жасамауы мүмкін. Үстелді жəне керамикалық
разрядтағыштарды тазарту кезінде абай болыңыз. Сынған разрядтағыш жөнделмейді, оны
ауыстыру керек.
■ Духовканы пайдаланғаннан кейін оны жуу құралы қосылған жылы сумен жуып, таза болғанша
сүртіп, кептіру керек. Май тазалауға арналған арнайы аэрозольді құралды пайдалануға болады.
■ Қыздыру шкафын ол жылы болғанда жуу айтарлықтай жеңілірек. Жабысқан дақтарды дымқыл
шүберекпен сулап, тазартқыш құрал көмегімен тазалау керек.

18.2. ЭМАЛЬ ЖАБЫНЫ БАР БӨЛШЕКТЕРГЕ ЖƏНЕ СЫРЛАНҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ
ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

■ Плита үстелі мен пештің іші силикат эмальмен жабылған. «S» түсті тақталардан басқа басқару
панелі силикат эмальмен қапталған. Плиталардың қалған бөлшектері мен «S» түсті плиталардағы
басқару панелі боялған.
■ Тазартқыш құралдарды пайдалану алдында жабын төзімділігін жасырын жерде шағын бөлікте
тексеру керек.
■ Эмаль жабынымен қапталған бөлшектерді тазарту кезінде сырланған беттерге арналған
құралдың сырмен қапталған бөлшектерге түспейтіндігін қадағалаңыз.
■ Сырланған беттердің тазартқыш құралдарға қатысты төзімділігі, эмаль жабындарына қарағанда,
төменірек, сондықтан жабынның қайтарымсыз зардаптармен зақымдалуының алдын алу үшін,
сырланған беттерді жуу үшін құрамына еріткіштер, абразивті материалдар жəне сілтілер >5%
қосылған жуу жəне тазарту құралдарын пайдаланбаңыз. Тазартуды аяқтар кезде бетті таза сумен
жуып, жұмсақ матамен немесе арнайы майлықпен құрғатып сүртіңіз.
■ Тазартуды жеңілдету үшін Сіз қыздыру шкафының есігін алып тастай аласыз.

18.3. ҚЫЗДЫРУ ШКАФЫНЫҢ ЕСІГІН КҮТІМІ

18.3.1. Қыздыру шкафының есігін шешу үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Есікті көлденең жайғасымға ашыңыз. Есік тіреуіштерінде сол жəне оң жақта қарастырылған
оықтарға есіктің екі тіреуішін енгізіңіз (14 сур.);
2. Күш түсірмей, тіреуіштер топсаларды бекітпегенше, есікті тірелгенше жабыңыз (15 сур.);
3. Есікті жабу керек (16 сур.);
4. Есікті бүйір жағынан ұстап, топсалардың төменгі біліктерін босату үшін өзіңізге жəне жоғары
қарай тартыңыз;
5. Плита тіреуіштеріндегі ойықтардан топсалардың іліністерін босату үшін есікті түсіріңіз.
6. Есікті шешіңіз.

Пайдалану бойынша нұсқаулық EM 3DNS 00 000 РЭ U KZ
25

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP E35-2

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP E35-2

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP EC50-M01D

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты электрические

DEXP EC50-M01D

24 стр.