Текст страницы
3. ЖИЫНТЫҚТАМАСЫ
1.
Алынбалы тұтқа – 1 дана.
2.
Турка – 1 дана.
3.
Қуаттандыру түпнегізі – 1 дана.
4.
Пайдаланушыға арналған нұсқаулық – 1 дана.
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Электр турка тек кофе әзірлеуге ғана арналған.
1. Электр туркаға 100 мл салқын су құйыңыз. Кофе мен қант қосыңыз,
мөлшерін өз қалауыңызша таңдаңыз. Тіл үйірер дәм мен хош иіс беру үшін
шымшым тұз салуға болады, тұз сонымен қатар кофенің жеңіл кермек
дәмін басады.
2. Турканы электрлік түпнегізге қойыңыз.
3. Құралды розеткаға қосыңыз.
4. Туркадағы кофе қайнай бастағанда, турканы түпнегізінен алып, құрал-
ды электр желісінен ажыратыңыз.
5. Қалауыңызша сүт немесе кілегей қосыңыз. Алайда кофені әзірлеу
кезінде судың деңгейі турка корпусындағы MAX сызығынан аспауы тиіс
(500 мл).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Туркаға сүт қайнатпаңыз!
5. ҚҰРАЛДЫҢ КҮТІМІ
– Тазалар алдында құралды желіден ажыратыңыз.
– Турка корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
– Ластықтарды кетіру үшін жұмсақ тазартқыш құралдарды пайдаланыңыз,
металл щеткаларды және абразивті жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
– Турканы суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
– Турканы ыдыс жуу машинасына салмаңыз.
– Құралды құрғақ салқын жерде, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтау керек.
12