Инструкция электрический духовой шкаф HAIER HOD-TM09PGB

1.3 Кеңестер (стр. 23 из 35)

Бренд: HAIER

Страница 23 документа Электрический духовой шкаф HAIER HOD-TM09PGB. Раздел: Духовые шкафы электрические. Бренд: HAIER.

Текст страницы

1.3 Кеңестер

Пешті әрбір пайдаланудан кейін аздап тазартып алып отыру оны барынша таза ұстауға мүмкіндік береді.
Пештің қабырлағаларына алюминилі қабыршық қағазды немесе дүкендерде ұсынылатын басқа да бір
рет пайдаланатын жабындарды салмаңыз. Алюминилі қабыршық қағаз, кез келген басқа да қорғаныш
заты, эмальдалған ыстық бетке тікелей жанасқан кезде балқып кетуі мүмкін, бұл осы беттің пайдалану
қасиетінің нашарлауына алып келеді. Пешіңіздің шамадан тыс қызып кетуіне және тамақты дайындаудың
уақытында ластануынан пайда болатын түтіннің иісінің шығуына жол бермеу үшін біз оны өте жоғары
температураларда жиі пайдаланбауға кеңес береміз. Одан да температураны аздап азайтып және тамақ
дайындаудың уақытын ұзартқан дұрыс. Пешпен бірге жеткізілетін қосымша керек-жарақтардан өзге, біз
жоғарры температуралардың әсеріне төзімді ыдыс пен пісіруге арналған қалыптарды ғана пайдалануға
кеңес береміз.
1.4 Орнату

Орнату өндірушінің міндетіне кірмейді. Дұрыс орнатылмауына байланысты орын алған қателерді түзету үшін
өндірушінің көмегі қажет болған жағдайда, бұндай көмектің кепілдікті міндеттемелерге кірмейтірнін ескеру
қажет. Білікті мамандарға арналған, орнату жөніндегі нұсқаулықтың барлық талаптарын орындау қажет.
Дұрыс орнатпау зиян келуіне немесе адамдар мен жануарлардың жарақат алуына немесе материалдық
құнджлықтардың бүлінуіне себеп болуы мүмкін. Өндіруші бұндай бүлінулер үшін жауап бермейді.
Пеш соған орнатылатын асүйлік жабдықтың жиынтығы кем дегенде 70°C температураға шыдайтын
материалдан жасалған болуы керек.
Пешті биік тіреуге немесе үстелдің үстіңгі тақтайының астына орнатуға болады. Пешті бекітудің алдында
сіз бұл орында пешті салқындату және оның ішкі бөліктерін қорғау үшін талап етілетін ауаның тиісті түрде
айналуын қамтамасыз ететін жақсы желдетудің бар екеніне көз жеткізіп алуыңыз керек. Бекітудің түріне
қарай соңғы бетте көрсетілген сәйкесінше тесіктерді жасаңыз.
1.5 Қалдықтарды кəдеге жарату жəне қоршаған ортаны қорғау.

Бұл құрал ЕО 2012/19/ЕU электр және электронды жабдықты кәдеге жарату туралы директивасының (WEEE)
талаптарына сәйкес таңбаланған. Электр және электронды жабдықтың қалдықтары ластаушы заттардан
да (қоршаған ортаға жағымсыз салдарлары болуы мүмкін), сондай-ақ негізгі тораптардан да (олар қайта
пайдаланылуы мүмкін) тұрады. Электр және электронды жабдықтың қалдықтары барлық ластаушы
заттарын жойып және барлық материалдарын қайта өңдеу арқылы кәдеге жаратудың рәсімдерінен дұрыс
өтуі маңызды. Тіпті жекелеген тұлғалар да кәдеге жаратылатын электр және электронды жабдықтың
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруы мүмкін; бірнеше негізгі ережелерді
орындау маңызды болып табылады:
- Электр және электронды жабдықтың қалдықтарына әдеттегі тұрмыстық қалдықтар сияқты қарауға

болмайды.
- Электр және электронды жабдықтың қалдықтары қалалық әкімшіліктің немесе ресми тіркелген

компанияның басқаруындағы арнайы қабылдау орындарына тапсырылуы керек.
Көптеген елдерде электр және электронды жабдықты кәдеге жарату жөніндегі ірі компаниялар жабдықты
үйден тасып әкетуді ұйымдастыруы мүмкін. Жаңа электр тұрмыстық жабдықты сатып алған кезде, сатып
алынатын құралдың сыныбына жататын және осындай қызметтерді орындауға арналған ескі жабдықты
сатушыға тапсыруға болады, ол бұндай жабдықты қабылдап алуға міндетті.
САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Мүмкіндігінше, пешті алдын ала қыздырмаңыз және әрқашан оны толтыруға тырысыңыз. Есікті
мүмкіндігінше сирек ашыңыз, өйткені оны әрбір ашқан сайын пештің ішкі бөлігіндегі жылудың тарап кетуіне
әкеледі. Энергияны елеулі түрде үнемдеу үшін, пешті дайындауды аяқтаудың жоспарланған уақытына
5-10 минут қалғанда өшіріп отырыңыз, пештен шығатын қалдықты жылуды пайдаланыңыз. Саңылаусыз
тығыздауышты таза ұстаңыз, бұл пештің ішкі бөлігіндегі жылуды тарап кетуінен сақтайды. Егер сіздің
электр энергияңыздың тарифі сағат бойынша төлеуге арналған болса, «кейінге қалдырылған дайындау»
бағдарламасы дайындаудың үдерісін төмендетілген тарифтердің уақытына ауыстыруға мүмкіндік бере
отырып, энергияны сақтаудың неғұрлым оңай тәсілін қамтамасыз етеді.
1.6 Сəйкестігінің декларациясы

Cəйкестік сертификаты № ЕАЭО RU С-CN.АЯ46.В.13473/20 08.05.2020 ж. 07.05.2025 дейін жарамды.
Сəйкестік туралы декларация № ЕАЭС N RU Д-CN.БЛ08.В.03493/20 от 19.08.2020 действует до 18.08.2025
дейін жарамды.
Сәйкес келу сертификатының көшірмесін Сіз тауарды сатып алған дүкеннен немесе info@haierrussia.ru
электронды поштасына сауалды жазу арқылы ала аласыз.

KZ 23

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы электрические

DEXP 1MD-W, 1MD-B, 1MD-SS

24 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы электрические

DEXP 1MS-SS

22 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы электрические

DeLonghi DEO 745 BB NARA

25 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы электрические

DeLonghi DEO 745 BB NARA

25 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы электрические

DeLonghi DEO 755 BB MARTINA

26 стр.