Текст страницы
11. Шаббат режимі
Бұл режим сенбіде (шаббат) жұмыс істемеу талабын орындайтын діни
конфессиялардың өкілдеріне арналған.
Тұмшапеш «Шаббат» режимінде жұмыс істеу үшін бапталғанда:
►Дисплей мен индикаторлар жанбайды, қуат және жарық түсіруден
басқа батырмалар қосулы болмайды.
►Дыбыстық сигналдар берілмейді.
►Ескерту немесе температураның өзгеру кодтары көрсетілмейді.
►«Шаббат» режимінде тек қана көмештеу функциясы қолжетімді
.
«Шаббат» режиміне арналған баптауларды орнату
1.
және түймесін бір уақытта 3 секунд басып тұрыңыз, дисплейде
көрсетіледі.
2. Тек көмештеу функциясын пайдалануға болады, басқа функцияларды
таңдау мүмкін емес.
3. Температура мен жұмыс мерзімін таңдаңыз. Уақытты 99 сағатқа дейін
орнатуға болады. Егер уақыт белгіленбесе, тұмшапеш «Шаббат» режимі
сөндірілгенге дейін көмештеу режимінде жұмыс істей береді.
4. Артқы жарықты қосу/өшіру үшін
түймесін басыңыз - ол бұл күйді
Шаббат режимі өшірілгенге дейін сақтайды.
5. Шаббат режимін іске қосу үшін
түймесін басыңыз.
Пеш белгіленген температураға дейін қызады және дисплей өшеді.
Ескерту:
Пеш өшірілгенде, Шаббат режимінен шығу мүмкін емес. Қайта қосылған
кезде пеш автоматты түрде алдыңғы жұмыс күйі ретінде Шаббат режиміне
өтеді.
“Шаббат” режимінің баптауларынан шығу
Дисплейде тәулік уақыты пайда болғанша және пеш сөнгенше
түймесін
3 секунд басып тұрыңыз.
33