Текст страницы
Есіктің əйнек панельдерін тазалау үшін оларды шығарып алу
МАҢЫЗДЫ!
Жоғарғы элементті түсірмес бұрын міндетті түрде қуат баусымын
суыру арқылы тұмшапешті рəзеткеден ажыратыңыз. Жұмысқа
кіріспес бұрын тұмшапештің толық өшкеніне көз жеткізіңіз.
►
►
►
►
►
►
►
►Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары мен төменде жазылған
нұсқауларды сақтаңыз. Əйнектері мен есігін дұрыс орнатпау
тұмшапештің бүлінуіне жəне кепілдіктің күшін жоюына əкелуі
мүмкін.
Абай болыңыз, тұмшапештің есігі ауыр (11 кг). Егер күдігіңіз болса,
есікті алуға тырыспаңыз.
Тұмшапеш пен оның барлық бөлшегі суығанына көз жеткізіңіз.
Ыстық тұмшапештің бөліктеріне қол тигізуге тырыспаңыз.
Əйнек панельдерді ұстағанда аса сақ болыңыз. Əйнектің
бұрыштары мен шеттерін басқа беттерге соғып алмаңыз. Əйнек
сынуы мүмкін.
Əйнек беттерді тазалау үшін тұмшапешті тазалауға арналған жəне
басқа қатты немесе абразивті тазалағыш құралдар, зімпара
қабығын, қырғыш немесе сымды жөкелер пайдаланбаңыз. Олар
əйнекті сырып, арнайы жабынын зақымдауы мүмкін, бұл өз
кезегінде оның шытынап, бүлінуіне əкеледі.
Шыны панельдің зақымдану белгілері (мысалы, сынықтар немесе
жарықтар) табылса, пешті пайдаланбаңыз. Авторланған сервистік
орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне жүгініңіз.
Барлық əйнек панельді ауыстыру дұрыс орындалғанына көз
жеткізіңіз. Əйнек панельдер орнына тиісінше орнатылғанша
тұмшапешті пайдаланбаңыз.
Егер əйнек панельдерді алу немесе ауыстыру қиын болса, оларды
алуға күш салмаңыз. Авторланған сервистік орталыққа немесе
клиенттерге қызмет көрсету бөліміне жүгініңіз.
Ескертпелер: Кепілдік тұмшапешті пайдалану немесе оған қызмет көрсету
бойынша көмек көрсететін мамандардың баруын қамтымайды.
Əйнекті тазалауды жеңілдету үшін есікті алған дұрыс болады.
Нұсқаулықтар Тұмшапештің есігін алу жəне қайта орнату бөлімінде
жазылған. Есікті алған соң оны жұмсақ, таза, тегіс бетке қойыңыз.
Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары мен төменде жазылған
нұсқаулықтарды мұқият сақтаңыз. Əйнектері мен есігін дұрыс
орнатпау тұмшапештің бүлінуіне жəне кепілдіктің күшін жоюына
əкелуі мүмкін.
112