Текст страницы
►Пештің желдеткіштерін әрқашан ашық ұстаңыз.
►Сыртқы таймері немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі бар
құрылғыны пайдаланбаңыз.
►Назар аударыңыз: тұмшапешті салқындату кезінде ыстық ауа оның
жоғарғы жағындағы желдеткіштен шығуы мүмкін.
►Сөрелерді орналастыру: сөрелерді тек салқындатылған пешке
орнатыңыз (алдын ала қыздырылғанға дейін). Егер тұмшапеш ыстық
болған кезде торды алып тастау керек болса, тұтқыштардың ыстық
қыздыру элементтерімен жанасуына жол бермеңіз.
►Тұмшапештің нығыздауыштарын тұмшапештерді тазалауға арналған
заттардың көмегімен тазаламаңыз және жумаңыз. Бұл тұмшапештің
тиімді жұмысына кепілдік беретін нығыздауыштардың қауіпсіздігі үшін
маңызды. Нығыздауыштарды ысқылауға, бүлдіруге немесе жылжытуға
тыйым салынады.
►Егер құрылғы зақымдалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, оны
орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз. Егер сіз зақымдалған құрылғыны
алсаңыз, дереу өз дилеріңізгеге немесе орнатушыға хабарласыңыз.
►Бу генераторының жұмысы кезінде күйіп қалу қаупін болдырмас үшін
тұмшапештің есігін ашпаңыз.
►Тұмшапеш тазартқыштарын, агрессивті/абразивті тазартқыштарды,
балауыздарды немесе жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз. Қаптауға
арналған кез келген материалдарды, қорғаныс жабындарын және
тұмшапештерді тазалауға арналған заттарды пайдалануға тыйым
салынады. Пеш есігінің әйнегін тазалау үшін қатты/абразивті
тазалағыштарды, шүберектерді немесе өткір металл қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар бетті сызып тастайды және есіктің әйнегі
сынуы мүмкін.
►Осы Нұсқаулықта аталған бөлшектерді ғана тазалауға рұқсат етіледі.
►Тұмшапештің кез келген бөлігін тазалау үшін, бумен тазартқышты
пайдалануға тыйым салынады.
►Балаларға керек болуы мүмкін заттарды тұмшапештің үстінде
сақтамаңыз. Тұмшапештің үстіне шығып балалар күйіп қалуы немесе
жарақат алуы мүмкін.
►Тұмшапеште қолдануға рұқсат етілген пісіруге арналған ыдысты ғана
пайдаланыңыз. Пісіруге арналған ыдыс өндірушісінің нұсқаулықтарын
орындаңыз.
►Өтпелі сомындардың бүйірлік тіреуден алынып, қоса берілген металл
бекіткіш сомындарға ауыстырылғанына көз жеткізіңіз.
►Тек осы тұмшапешке ұсынылған термосүңгіні қолданыңыз.
4