Текст страницы
ЕСКЕРТУ КОДТАРЫ
Ақаулар туындаған кезде тұмшапеш келесі әрекеттерді орындайды:
ЕСКЕРТУ КОДЫ
Ықтимал себептері
ҚАЖЕТТІ ӘРЕКЕТТЕР
►барлық функцияларды автоматты түрде тоқтатады;
►бес дыбыстық сигнал шығарады;
►дисплейге ескерту кодын шығарады.
Er + сан
Техникалық ақау
МАҢЫЗДЫ!
Егер төмендегі кестеде бұл әрекет нақты көрсетілген болмаса, ескерту
кодын алған кезде тұмшапештің қуат желісінен (қабырға қосқышынан)
ажыратпаңыз. Салқындатқыш желдеткіштер тұмшапештің түйіндерін
салқындату үшін қажет. Тым жоғары температурада қуатты өшіру
тұмшапешті және айналасындағы жиһазды зақымдауы мүмкін.
1. Ескерту кодын жазып
алыңыз.
2. Салқындату желдеткіштері
тоқтап, тұмшапештің
толығымен суығанын күтіңіз.
3. Тұмшапеш қуатын қабырға
ажыратқышынан өшіріңіз.
4. Ескерту кодын хабарлай
отырып, уәкілетті
жөндеу ұйымына немесе
тұтынушыларды қолдау
қызметіне хабарласыңыз.
Ескерту коды шыққан кезде орындау қажет әрекеттер
1. Егер дыбыстық сигналдар әлі тоқтамаса, оларды тоқтату үшін кез-
келген түймені басыңыз.
2. Көрсетілген ескерту кодын жазып алыңыз. Бұл ақпарат қажет болуы
мүмкін.
3. Төмендегі кестеде ақауды өзіңіз шеше алатындығыңызды тексеріп,
нұсқауларды орындаңыз.
4. Егер сіз ақауды шеше алсаңыз және ескерту коды қайта пайда
болмаса, тұмшапешті пайдалануды жалғастыруға болады.
НЕМЕСЕ
Егер сіз ақауды өзіңіз шеше алмасаңыз немесе ескерту коды қайта
пайда болса және ақау шешілмесе, салқындату желдеткіштері тоқтап,
тұмшапештің толық суығанын күтіңіз де, қабырға ажыратқышынан
қуатты өшіріп, ескерту кодын хабарлау арқылы уәкілетті жөндеу
ұйымына немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
68
69