Текст страницы
KZ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
1. Бұл бұйымның құрамында қауіпті және тыйым салынған заттар жоқ.
Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары туралы ЕО
директивасы ережелерінің талаптарына сай келеді.
2. Бұл бұйым қайта өңделетін және қайтадан пайдалануға болатын
жоғары сапалы бөлшектер мен материалдардан жасап шығарылған.
3. Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін бұйымыңызды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаған жөн. Оны электрлік және
электрондық жабдықтардың қалдықтарын қайта өңдеуге арналған
жинау пунктіне тапсыру қажет.
Пайдаланылған бұйымдарды қайта өңдеу жолымен қоршаған орта
мен табиғи көздерді қорғауға көмектесіңіз.
ҚАПТАМАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Құрылғының қаптама материалдары біздің ұлттық заңнамаға сәйкес
қайта өңделетін материалдан жасалған. Қаптамалық
материалдарды тұрмыстық және өзге қалдықпен бірге тастамаңыз,
оларды қаптамалық материалдарды жинау пунктіне тапсырыңыз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін, осы бұйымды кәдеге жаратар алдында,
оның қосылуына жол бермеу үшін, электр кабелін кесіп тастау қажет.
110