Текст страницы
KZ
КҮТІМІ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУЫ
1.
Қуат көзінің ашасын резеткіден ажыратыңыз.
2.
Тұмшапештің ішкі бөліктерін, панельдерін, қаңылтыр табаларын және
басқа да бөліктерін тазалау үшін қатты қылшақ, металл қылшақ немесе
пышақты пайдаланбаңыз. Қажақты, тырналайтын материалдарды
немесе күйдіргі жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
3.
Тұмшапештің бөліктерін сабынды ерітіндімен сүртіп, сумен жуыңыз
да, жұмсақ шүберекпен құрғата сүртіңіз.
4.
Шыны беттерді әйнек тазалауға арналған арнайы құралдармен
тазалаңыз.
5.
Аспапты тазалау үшін бу генераторы тазартқыштарын пайдаланбаңыз.
6.
Тұмшапешті тазалау үшін қышқылды, еріткішті, керосинді және басқа
да жанғыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
7.
Тұмшапештің қандай да бір бөліктерін ыдыс-аяқ жуатын машинада
жумаңыз.
8.
Кір мен дақты кетіру үшін жұмсақ жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Бумен тазалау *
Ластануды жұмсартатын су буының
арқасында, тұмшапешті оңай тазалауға
көмектеседі.
1.
Тұмшапештің ішіндегі бөлшектердің
бәрін алыңыз.
2.
Қаңылтыр табаға жарты литр су
құйыңыз да, оны тұмшапештің төменгі
бөлігіне орналастырыңыз.
3.
Ажыратып-қосқышты бумен тазалау
тәртібіне қойыңыз.
7-сур.
4.
Термостатты 70 °C градусқа қойыңыз
да, пешті 30 минутқа қосыңыз.
5.
30 минут жұмыс істеп болған соң, тұмшапештің есігін ашып, ішкі бетін
дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.
6.
Кетпейтін ластану үшін ыдыс жуатын сұйықтықты, жылы су мен
шүберекті пайдаланыңыз, сосын тазартылған жерді құрғата сүртіңіз.
* * үлгіге байланысты
103