Текст страницы
KZ
Бөлшектер (іріктемелі түрде, қосымша опциялар)
Шұңғыл қаңылтыр таба *
Ол нан-тоқаш өнімдерін пісіру, үлкен көмештерді, сұйық
тағамдарды дайындау үшін пайдаланылады. Кекстерді пісіру
үшін, сондай-ақ ет өнімдерін пісірген кезде немесе мұздатылған
тағамдарды грильде еріткен жағдайда май жинағыш ретінде
пайдаланылады.
Қаңылтыр таба *
Нан-тоқаш өнімдерін (піспенан, бисквит және т.б.) пісіру,
тамақтарды еріту үшін пайдаланылады.
Дөңгелек таба *
Нан-тоқаш өнімдерін пісіру, тамақтарды еріту үшін
пайдаланылады.
Тор (гриль)
Қуыру үшін, сондай-ақ тамақтарды көмештеуге, қуыруға немесе
ерітуге қойғанда, қажет деңгейде орналастыру үшін
пайдаланылады.
Ұзармалы бағыттауыштар *
Ұзармалы бағыттауыштардың арқасында подностар немесе
торлар оңай орнатылады және алынады.
Қаңылтыр табаға қойылатын тор *
Жаншылған ет сияқты көмештеп пісіру кезінде күйіп кетуі мүмкін
тамақ подностың ішіндегі торға қойылады. Осылайша тамақтың
подносқа жабысып қалуы мен күюі болмайды.
Пиццаға арналған тақтай мен тас *
Олар пицца, нан, құймақ пісіру үшін және пісірілген тамақты
тұмшапештің ішінен шығарып алу үшін пайдаланылады.
Қаңылтыр табаның тұтқасы *
Ыстық қаңылтыр табаны ұстауға пайдаланылады.
88