Инструкция электрический лобзик Makita M4301

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ (стр. 21 из 24)

Бренд: Makita

Страница 21 документа Электрический лобзик Makita M4301. Раздел: Лобзики электрические. Бренд: Makita.

Текст страницы

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралдың жұмысын
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.

Кесу әрекетін таңдау

► Сурет1: 1. Кесу әрекетін өзгерту тетігі

Бұл құрал айналмалы немесе тікелей (жоғары және төмен)
кесу әрекеті арқылы жұмыс істей алады. Айналмалы кесу
әрекеті қыл ара жүзін кесу жүрісіне бағыттайды және кесу
жылдамдығын айтарлықтай арттырады.

Кесу әрекетін өзгерту үшін, кесу әрекетін өзгерту
тетігін қажетті кесу әрекеті күйіне қойыңыз. Тиісті
кесу әрекетін таңдау үшін кестеге қараңыз.

Күй
Кесу әрекеті
Қолдану
жолдары

0
Тікелей кесу
әрекеті
Жұмсақ болатты,
тот баспайтын
болатты және
пластмассаны
кесу үшін.

Ағашта және
фанерада таза
кесу үшін.

I
Шағын
айналмалы кесу
әрекеті

Жұмсақ болатты,
алюминийді және
қатты ағашты кесу
үшін.

Ағашты және
фанераны кесу
үшін.

II
Орташа
айналмалы кесу
әрекеті

Алюминий мен
жұмсақ болатта
тез кесу үшін.

III
Үлкен айналмалы
кесу әрекеті
Ағашта және
фанерада тез
кесу үшін.

Ауыстырып-қосқыштың әрекеті

2.
Өңдеу бөлшегін орнықты платформаға
бекітіп, тіреу үшін қысқыштарды немесе
басқа тиімді әдісті пайдаланыңыз. Өңдеу
бөлшегін қолмен немесе денеңізге қарама-
қарсы ұстасаңыз, ол тұрақсыз күйде болып,
оған ие бола алмай қалуыңыз мүмкін.
3.
Әрдайым қауіпсіздік көзілдірігін немесе
қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.
Қарапайым көзілдірік немесе күннен
қорғайтын көзілдірік қорғаныс көзілдірігі
болып ТАБЫЛМАЙДЫ.
4.
Шегелерінің жырып кетуінен абай болыңыз.
Өңдеу бөлшегінде қандай да бір шегелердің
бар-жоғын тексеріп, жұмысты бастау
алдында оларды алып тастаңыз.
5.
Ірі габаритті өңдеу бөлшегін кеспеңіз.
6.
Жүз еденді, жұмыс үстелін және т.б.
зақымдамауы үшін кесу алдында өңдеу
бөлшегінің айналасын тексеріңіз.
7.
Құралды мықтап ұстаңыз.
8.
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас
бұрын жүздің өңдеу бөлшегіне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
9.
Қолдарыңызды айналмалы бөлшектерден
аулақ ұстаңыз.
10. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
11.
Өңдеу бөлшегінен араны алып тастамас
бұрын, араны өшіріп, толық тоқтағанша
күтіңіз.
12. Қолданбалы құралды немесе өңдеу
бөлшегін пайдаланғаннан кейін бірден
ұстауға болмайды. Олар өте ыстық болып,
теріні күйдіруі мүмкін.
13. Қажет болмаса, құралды жүктемесіз
пайдаланбаңыз.
14. Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтуға жол
бермей, теріге тигізбеңіз. Материал
жеткізушісінің қауіпсіздік туралы деректерін
қараңыз.
15. Пайдаланып жатқан материал мен
жұмыс үшін әрдайым тиісті түрде шаңнан
қорғайтын масканы/респираторды
пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралды қоспас бұрын,
әрдайым ауыстырып-қосқыш шүріппесінің
дұрыс жұмыс істеп тұрғанына және босатылған
кезде "ӨШІРУЛІ" күйіне қайтарылатынына
әрқашан көз жеткізіп тұрыңыз.

► Сурет2: 1. Ауыстырып-қосқыш шүріппесі

2. Құлыптау түймесі

ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Құралды іске қосу үшін жай ғана ауыстырып-қосқыш
шүріппесін басыңыз. Құралдың жылдамдығы
ауыстырып-қосқыш шүріппесіндегі қысымды
арттырған сайын артады. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.

Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып, құлыптау түймесін басып,
ауыстырып-қосқыш шүріппесін босатыңыз. Құралды
құлыпталған күйден шығару үшін, ауыстырып-
қосқыш шүріппесін толығымен тартып, босатыңыз.

21
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Лобзики электрические, оснастка / Лобзики электрические

FinePower JS600

20 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Лобзики электрические, оснастка / Лобзики электрические

Makita JV002GZ

16 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Лобзики электрические, оснастка / Лобзики электрические

Makita JV002GZ

16 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Лобзики электрические, оснастка / Лобзики электрические

Oasis LE-65 Eco

9 стр.