Текст страницы
28
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУҒА БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Электр ұстараны (бұдан әрі ұстара) пайдалану
алдында пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз, оқыған соң болашақта пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Аккумуляторлық батареяның зарядтау кабелі
ыстық беттерге және жиһаздың өткір жиектеріне
тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Аккумуляторлық батареяны зарядтау кезінде сулы
қолмен желілік адаптер корпусын ұстауға тыйым
салынады.
• Аккумуляторлық батареяны ас үй раковинасына
тікелей жақын жерде, ванна бөлмелерінде, бас-
сейндердің жанында немесе сумен толтырылған
басқа да сыйымдылықтардың жанында пайдала-
нуға тыйым салынады.
• Егер құрылғы суға түсіп кетсе, онда дереу желілік
адаптерді электр розеткадан шығарыңыз, және
содан кейін ғана ұстараны судан шығаруға
болады.
• Ұстараны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құрылғыны температурасы жоғары және салысты-
рмалы ылғалдылығы 80%-дан асатын орындарда
қолданбаңыз.
• Ұстараны, «USB-Type-С» зарядтау кабелін,
желілік адаптерді суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
• Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалды-
рмаңыз.
• Ұстараны жұмыс кезіндегі үзілістерде, сондай-ақ
оны пайдаланбайтын кезде өшіру керек.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Ұстараны осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Осы ұстара тек тұрмыстық пайдалануға арналған,
ұстараны кәсіби пайдалануға тыйым салынады.
• Ұстараны бірінші рет қолданар алдында аккумуля-
торлық батареяны толық зарядтау ұсынылады.
• Электр ұстараның аккумуляторлық батареясын
зарядтау үшін жеткізу жиынтығына кіретін кабельді
«USB Type-С» пайдаланыңыз.
• Ұстараның аккумуляторлық батареясын ылғал-
дылығы және температурасы жоғары жерлерде
зарядтамаңыз.
• Аккумуляторлық батареяның зарядтталуын
+5°C-тан төмен емес +35°C-тан жоғары емес тем-
пературада, ауаның 80% аспайтын салыстырмалы
ылғалдылығында жүзеге асырыңыз.
• Найзағай кезінде аккумуляторлық батареяны
зарядтау ұсынылмайды.