Текст страницы
жыртылмалы талонда мөрлер, сатып алушының қолы қой-
ылып, шығарушының түпнұсқалық кепілдік талоны дұрыс
және анық толтырылса.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған немесе ондағы
ақпараттар толық емес, түсініксіз, шындыққа қайшы келетін
жағдайда, шығарушы кепілдіктік қызмет көрсетуден бас тарту
құқығын өзіне қалдырады.
2. Кепілдік келесідей пайдалану шарттарын сақтаған кезде
қолданылады:
• аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес қол-
дану;
• қауіпсіздік қағидалары мен талаптарын сақтау.
3. Кепілдікке аспапқа иесінің үйінде мерзімді қызмет көрсету,
оны тазалау, орнату, іске қосылуын реттеу кірмейді.
4. Кепілдіктің қолданылмайтын жағдайлары:
• механикалық бұзылулар;
• аспаптың табиғи тозуы;
• пайдлану шарттарын сақтамау немесе иесінің қате әрекет-
тері;
• дұрыс орнатпау, тасымалдамау;
• апаттық жағдайлар (найзағай, өрт, су тасқыны және т.с.),
сондай-ақ сатушы мен шығарушының бақылауынан тыс бо-
латын себептер;
• аспаптың ішіне бөгде заттардың, сұйықтықтың, жәндіктердің
кіруі;
• өкілетті емес тұлғалардың жөндеу жасауы немесе құрылысы-
на өзгерістер енгізуі;
• аспапты кәсіби мақсаттарда пайдалану (жүктеме тұрмыстық
қолданудың деңгейінен асады), аспапты Мемлекеттік техни-
калық стандарттарға сәйкес келмейтін қуат беруші телеком-
муникациялық және кабельдік желілерге қосу;
• бұйымның төменде көрсетілген құрал-жабдықтарының істен
шығуы (егер ауыстырылуы құрылысымен қарастырылған
және бұйымды бөлшектеуге қатысы болмаса):
а) қашықтан басқару пульті, аккумуляторлық батареялар, қуат
беру элементтері (батареялар), сыртқы қуат беру блоктары
және зарядтау құрылғылары.
б) шығыс материалдары мен керек-жарақтар (қаптама, қаптар,
белбеулер, сөмкелер, торқапшықтар, пышақтар, колбалар,
тәрелкелер, торлар, шанышқылар, құбыршектер, түтіктер,
щеткалар, қондырмалар, шаңжинағыштар, сүзгілер, иіс сіңір-
гіштер).
• батареялармен жұмыс істейтін аспаптар үшін – сәйкес кел-
мейтін немесе біткен батареялармен жұмыс;
• аккумуляторлық батареялармен жұмыс істейтін аспаптар
үшін – аккумуляторларды зарядтау қағидаларын бұзумен
орын алған кез келген бұзылулар.