Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (ол
бар болған кезде) алып тастаңыз;
Ескерту - Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол және
т.б.) қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың қолы жетпейтін
жерлерде қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған кезде)
және электр құралының корпусындағы сериялық нөмірмен жапсырманы
міндетті түрде электр құралының корпусында сақтаңыз!
6.2 USB-кабелді толықтай тарқатыңыз;
6.3 USB-кабелді шаш қиюға арналған машинканың төменгі бөлігінде
орналасқан қуат берудің жалғағышына, сосын желілік зарядтау
құрылғысының (жиынтықта жеткізілмейді) USB-портына қоса отырып,
электр құралының аккумуляторын толықтай зарядтаңыз. Одан кейін желілік
зарядтау құрылғысын розеткіге желісіне қосыңыз, құралда көрсетілген қуат
беру желісі параметрлерінің сәйкестілігін тексере отырып. Заряд деңгейінің
сандары жыпылықтайды.
Ескерту
1 Сіз сонымен бірге құралды қойғышта зарядтай аласыз. Ол үшін қойғышты
тегіс орнықты бетке орнатыңыз, USB-кабелді қойғыштың қуат беруінің
жалғағышымен қосыңыз, зарядтауға арналған қойғышты орнатыңыз және
USB-кабелді мәндеріне желіге қосылған, желілік зарядтау құрылғысының
(жиынтықта жеткізілмейді) USB-портына қосыңыз. Электр құралының
зарядтауға арналған қойғышқа дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз (за
ряд деңгейінің сандары жыпылықтайды);
2 Үздіксіз жұмыс уақыты – 65 минут дейін;
3 Аккумулятордың толық заряд кезеңі шамамен 90 минут құрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралының аккумулятордың батаерясын
бірінші рет қолданудың алдында, зарядтың төмен деңгейі кезінде, соны
мен бірге оны пайдаланудағы ұзақ мерзімдік үзілістен кейін зарядтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын зарядтау уақытында қолданбаңыз.
6.4 USB-кабелді желіге қосылған зарядтау құрылғысының USB-портынан
жиынтықта жеткізілмейді) ажыратыңыз;
6.5 USB-кабелді электр құралының төменгі бөлігінде орналасқан қуат
берудің жалғағышынан ажыратыңыз;
Ескерту – Қойғышты қолддану кезінде USB-кабелді қойғышта орналасқан
қуат берудің жалғағышынан ажыратыңыз. Құралды қойғыштан шешіңіз;
6.6 Құралдың корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.7 Құралды құрғатып сүртіңіз.