Инструкция электробритва GALAXY LINE GL 4211

7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ (стр. 20 из 28)

Бренд: GALAXY

Страница 20 документа Электробритва GALAXY LINE GL 4211. Раздел: Мужские электробритвы. Бренд: GALAXY.

Текст страницы

KAZ

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ

7.1 Жалпы нұсқаулар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұстараны қолдануға болатын беттегі шаштардың
максималды ұзындығы - 3 мм.
7.1.1 Қырғыш блоктан қорғаныс қалпақшаны шешіңіз;
7.1.2 Ажыратқышқа басыңыз, зарядтау деңгейінің индикаторы жанады.
7.1.3 Теріні аздап тарта отырып, бірқалыпты қозғалыстармен шаштардың
өсуіне қарсы қырыңыз;

Ескерту
1. Егер тері құрғақ болған жағдайда қырынудың ең үздік нәтижелеріне
қол жеткізіледі.
2. Қолданудың бірінші күндері терінің тітіркенуін болдырмау үшін ұстараға
қатты күш түсірмеңіз, оның жаңа ұстаралық жүйеге үйрену процесі орта
есеппен 2-3 аптаға созылады.
3. Ұстараны әрдайым теріге тік бұрыш бойынша ұстаңыз.

7.1.4 Қыру рәсімдері аяқталғаннан кейін ажыратқышты ұстараны сөндіріңіз;
7.1.5 Қырғыш блокты сыртқы әсерлерден қорғау үшін қалпақшаны кигізіңіз.

7.2 Бұғаттау атқарымы
Бұл құрал кездейсоқ іске қосылудан бұғаттау атқарымымен жабдықталған,
мысалға, ұстараны шамаданда тасымалдау уақытында. Ажыратқышты басу
және 3 секунд бойы ұстап тұру қажет (дисплейде кері санақ бейнеленеді).
Бұғаттауды шешу үшін де ажыратқышты басыңыз және ұстап тұрыңыз.

8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

8.1 Тазалау және күтім жасау
• USB кабелін қабырғадағы зарядтағыштың (жинаққа кірмейді) USB
портынан алыңыз және USB кабелін құрылғыдағы қуат розеткасынан
ажыратыңыз;
• Қырыну бөлігін және ұстараның корпусын тазалау щеткасының көмегімен
шаш қалдықтарынан тазалаңыз;
• Қырыну бөлігін ашу түймесін басып, ішін тазалаңыз. Қырыну бөлігін
ағынды сумен жууға болады;
• Құрылғыны тазалағаннан кейін мұқият құрғатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зарядтау портына судың түсуіне жол бермеңіз

8.2 Ұсыныстар
• Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз.
Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну үзілді-кесілді ұсынылады.

20 20

Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Мужские электробритвы

Braun S7 71-B1000s

51 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Мужские электробритвы

Braun S7 71-B1000s

51 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Мужские электробритвы

Philips S1142/00

26 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Мужские электробритвы

Philips S1142/00

26 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Мужские электробритвы

Sheo Erta Ale

20 стр.